Жұрт оранған қыздардан (әуретті жерін жапқан) "хиджап киген" деген сөз үшін шошынатын сияқты. "Хиджап арабтан келген, біз араб емеспіз, қазақпыз" деп қуыс кеуде, сасық көкіректің себебінен айтады деп ойлаймын. Мақұл, хиджап деген сөзді алып тастайықшы. Оның орынан шүберек дейік, кимешек дейік, жаулық дейік, бөз дейік, орамал дейік, байлам дейік. Кімнің тіліне не ыңғайлы сол десін. Хиджап демей-ақ қойсын. Рас Құран Кәрімде "хиджап" деп келмейтін шығар, бірақ Құран Кәрімде былай дейді: " Мүмін әйелдерге де айт: “(Бөгде ерлерден) көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін (зинадан) қорғасын. Сондай-ақ зейнеттерін көрсетпесін. Бірақ олардың өзіндігінен көрінгендері басқа. (Беті, қол-аяқтары. Ж.Б.М.К.) Және бүркеншіктерін омырауларына түсірсін. Зейнеттерін керсетпесін." (Нұр, 31-аят). Хиджаптан шошынған "нағыз қазақтар" неге Алланың осы әмірін ұстанбасқа? Ұстансын! Қазақ халқы ақымақ емес, қазақ нағыз діншіл халық! Сол діншілдігін көрсетсінші, осы әмірін орындау арқылы. Қазақша неге киінбейміз деп "декоративті намыс" ұстаймыз. Кейбіреулер "қазақтың қыздары орамал тақпаған, олар келіншек шағында ғана байлам таққан" деп ақталғансып, қисынсыз, еш негізсіз дәлел айтады. Оларға айтушы едім, сол кезде ол өмір сүріп па? Келісем, қазақтың қыздары тұрмыс құрмай тұрып шашын жаппауы да мүмкін. Бірақ, Неге? Өйткені, қазақ аулының қаймағы бұзылмай тұрған дәуірде ауыл деп ру-руға бөлініп отырған. Әдеби шығармаларды оқысаңыз: "Жігітектің ауылы", "Тобықты Құнанбайдың ауылы", "Адайдың ауылы", "Қаракесек Қазыбек бидің ауылы" деп кездеседі. Яғни жеті атаға дейін қыз алыспайтын туыстар қоныстанған бір ауылға. Ал Құранда Кәрімде әуретті жерлерді кімдерге көрсетуге болады? Оны да Құран аяттарынан келтірейік, Нұр сүресінің бағанағы 31 аятының жалғасы: "Бірақ: Ерлеріне, әкелеріне, қайын аталарына, өз ұлдарына, өгей ұлдарына, аға-бауырларына, олардың ұлдарына, әпеке-сіңлілерінің ұлдарына, Мұсылман әйелдерге, қолдарындағы күңдеріне, әйел керек қылмайтын қызметшілерге немесе әйелдердің ұятты жерлерін білмейтін балаларға көрсетулеріне болады. Және де көмескі зейнеттерін басқаларға білдіру үшін аяқтарын ұрып жүрмесін. Әй мүміндер, түгел Аллаға тәубе қылыңдар! Әрине құтыларсыңдар. (31)" Ал рулас ел дінге икемденіп дала заңын шығарды. "Жеті атаға дейін қыз алыспау" деп. Бұл дегеніміз туыстық қатынастың ауқымын кеңейту деген сөз. Бұл заңды да үлкен ілім сүйене отырып, үлкен тәжірибеге негізделе отырып жасаған. Шариғат үкімін негізге ала отырып туыстық қатынасты кеңейтеді. Бауырмалдықты ұлғайтады. Міне, сондықтан қыз бала тұрмыс құрғанша өз ауылында, өз туыстарының арасында әуретті жерінің тек БІР ғана жерін көрсетіп жүре берген. Ол шашы. Қазақы көйлектерді көрсеңіз (ескі қалпын сақтаған) барлығы ұзын етекті, ұзын жеңді. Қазақта жақсы мақал да бар: "Есті қыз етегін қымтам жүреді" деген. Осыдан-ақ байқауға болатын шығар қазақ дінді қаншалықты берік ұстанғанын. Немесе: "Қызға қырық үйден тыю" дейді. Ал әжелерімізді қараңыз басына киген кимешегі қандай тамаша. Биік қылы ораған төбесіндегі кебіні де Аллаһқа тәуекелдігін білдіреді. Қай жерде өлсем де кебінім өзіммен жүрсін дейді. Яғни қазағымыздың діншілдігінен тақуалығы басым. Тағдырға иман, Тәуекелдің сатысына көтерілу екінің бірінің қолынан келетін дүние емес. Бұл дәрежедегі иманға көтерілу әулиелікке жақындауды білдіреді. Сол себептен болар қазақ даласында әулиелердің көптеп шығуы. Естігенім бар, кимешек киіп, көйлектерінің сыртынан оюлы, өрнекті ұзын, әшекейленген шапан киіп қажылыққа барған әжелерімізді көрген арабтар "бұл қай ұлт?", "Қайдан келдіңіздер?" деп таңқалысқан. Сонда "Біз қазақ деген ұлт боламыз" дегенде арабтардың көңілінің тасығаны сонша қазақтардың дінге деген құрметіне таңғалысын көпке дейін ұмыта алмаған екен. Осындай елді Арабтардың өзі мойындап жатқанда қазақтардың "Хиджап кигендерден шошимын, ол арабқа бас ұру" дегені не сандырағы? Ал қазақтың қыздар келін болған шағында басқа ауылға, қайын жұртына барған кезде әуретті жерің қатаң түрде, міндетті түрде жауып ұстаған. Қазақтың кейінгі шығарып алған сөзі, яғни, келіншек болғанда ғана басына байлам тартады дегені, осындай түсініспеушіліктен шығып отыр емес пе?! Сондықтан айтарым, бар мәселе, сенің дінге келуің осы хиджапта болып отырса, онда хиджап тақпай-ақ қой, тек Құранда сипаттап бергендей, Аллаһтың әмір еткеніндей оран, қымптан! Ең бастысы, тура жолдан адаспа! Кезінде келіндеріміз, жеңгелеріміз ертемен тұрып, түндік ашушы еді, қазіргілер ертемен тыртыңдап кіндігін ашып алып көшеге шығатын болды. Аузында айтар сөзі жоқ аталарымздың да, басына байлар бөзі жоқ апаларымыздың да қоғамда пайда болуы 70 жылдық отаршылдықтың берген сұмпайы тәрбиесі. Соның кесірінен көктен түскендей болдық. Ата-баба жолымен намаз оқығанды террорист, фанат деп шығаратын болды. Айналайын қазақтың қаракөз қыздары!!! Ораныңыздаршы! Сіздерден өтініп сұрарым, болашақ ұрпағымыз үшін, болағақ ұлтымыз үшін, ұлтымызды дерттен айықтыру үшін өз-өздеріңізге бір сәт үңіліп, ақыл таразысына салып көріңізші. Фәни дүниенің жылтырағына алданып, бұл дүниенің рахатын көремін деп о дүниенің азабына тап болып қалмаңыздаршы. Ішкі тәнін ашып, көрсетіп жүргендерді, санасында көрсететін дүниесі қалмағандықтан соған барады деп түсінемін. Басқа ештеңе емес. Етек жеңін қымптап жүретін есті қыздарымыздың санын көбейтейік. Бір-бірімізге ақылсыздықпен, сасық көкірекпен, қырғи қабақпен қарасқанша, сау ақылмен қарасайық! Салтан Сәкен.
Egin ekpesen jerine renjime Engbek etpeseng jerine renjime, ol yshin sizben biz ter togyimiz kerek. <<Kyrgak kasyk ayz jurtady>>. Byl kagaz betinde kalmau kerek!
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.