[09.01.2009.] Қ. Саудабаев Ислам конференциясы ұйымының жанындағы АҚШ-тың арнаулы өкілі С. Кумбермен кездесті - 9 Января 2009 - Дінисламға қош келдіңіз
Бейсенбі, 24.Мамыр.2012, 14:38
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  Намаз адамды жалықтыра ма?
•  Ұлықбек Алиакбарұлы: "Жаңа заманға сай жаңа медианы меңгерген имам керек"
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
сауалнама
Намаз оқуыңа не кедергі?
Жауап берілді: 987
 

Негізгі бет » 2009 » Қаңтар » 9 » [09.01.2009.] Қ. Саудабаев Ислам конференциясы ұйымының жанындағы АҚШ-тың арнаулы өкілі С. Кумбермен кездесті


[09.01.2009.] Қ. Саудабаев Ислам конференциясы ұйымының жанындағы АҚШ-тың арнаулы өкілі С. Кумбермен кездесті
19:30

Қ. Саудабаев Ислам конференциясы ұйымының жанындағы АҚШ-тың арнаулы өкілі С. Кумбермен кездесті

ҚР Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев пен Ислам конференциясы ұйымының жанындағы АҚШ-тың арнаулы өкілі Сада Кумбер бүгін Ақордада кездесті. Онда тараптар өркениеттер арасындағы диалогты дұрыстау мәселесінде, оның ішінде Қазақстанның алдағы 2011 жылы Ислам конференциясы ұйымына төрағалығы тұрғысынан Қазақстан мен АҚШ арасындағы өзара іс-қимылдың көкейкесті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кездесуде Қ. Саудабаев Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап Елбасы Н. Назарбаев біздің көпұлтты және көпконфессиялы мемлекетте бейбітшілік пен келісімді сақтауға және нығайтуға айрықша назар аударып келе жатқанын атап көрсетті. «Бүгінде Қазақстан ұлтаралық және дінаралық төзімділік пен келісімнің жалпыға танылған үлгісі болып табылады. Біздің мемлекет 2010 жылы ЕҚЫҰ-ның, ал 2011 жылы ИКҰ-ның төрағасы болып кездейсоқ сайланған жоқ. Біздің оң тәжірибеміз Мемлекет басшысына Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының құрылтайын, «Ортақ әлем: әралуандылық арқылы ілгерілеу» форумын өткізу сынды айтулы бастамалар көтеруге мүмкіндік берді. Менің ойымша, қазіргі алмағайып заманда әлемдегі өзара түсіністікті нығайтуда бұл Қазақстанның сүбелі әрі лайықты үлесі болып табылады», деді Қ. Саудабаев. «Жаһандану дәуірінде, әсіресе күрделі әлемдік экономикалық дағдарыс ауанында адамзаттың елеулі проблемаларын бірлесіп шешу үшін барлық елдердің күш-жігерін біріктіру маңызды. Сондықтан да Қазақстан ЕҚЫҰ-ға және ИКҰ-ға алдағы төрағалығы кезінде халықтар мен елдер арасындағы сенім мен өзара түсіністікті нығайту үшін белсенді жұмыс істейтін болады», деп толықтырды сөзін Мемлекеттік хатшы.

Өз кезегінде С. Кумбер мұсылман әлемімен өзара түсіністікті нығайтуға мүдделі АҚШ Қазақстанның жоғарыда атап өтілген бастамаларын қолдайтынын айтты. Тараптар осындай маңызды саладағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екендерін білдірді.  АСТАНА. ҚазАқпарат.
Категориясы: Еліміздің соңғы жаңалықтары | Көрілді: 1398 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2012 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Қаңтар 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар:

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: xatab

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3620
Осы ай ішінде: 12
Осы апта ішінде: 4
Кеше: 0
Бүгін: 0