[12.01.2009.] Ислам конференциясы ұйымына төрағалық етуі жайын талқыланды
12:34
Ислам конференциясы ұйымына төрағалық етуі жайын талқыланды
9 қаңтар күні Қазақстан республикасының мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев Америка құрама штаттарының Ислам конференциясы ұйымындағы арнайы өкілі Саду Кумбермен кездесті. Кездесу барысында тараптар Қазақстанның 2011 жылы Ислам конференциясы ұйымына төрағалық етуі жайын талқылады. Қанат Саудабаев біздің елдің дінаралық және ұлтаралық татулыққа айрықша көңіл бөліп отырғанын тілге тиек етті. Өз кезегінде Саду Кумбер Қазақстан тек орта азия үшін емес, әлемдегі барлық мұсылман мемлекеттеріне үлгі екендігін атап өтті. Сонымен қатар, Қазақстан басшылығымен өткен кездесулердің жемісті болғанына ризашылығын білдірді. Саду Кумбер, АҚШ-тың Ислам конференциясы ұйымындағы арнайы өкілі Біз Америка үкіметі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекшілік етуімен Қазақстанның жеткен жетістіктерін жіті қадағалап отырмыз. Қазақстандағы көпұлтты қоғамды дамыту саясаты әлемнің басқа елдеріне де үлгі бола алады. Тәуелсіздік алған аз ғана жылдың ішінде осындай үлкен жетістіктерге жеткендеріңізге куә болғаныма қуаныштымын. Алдағы уақытта ынтымақтастығымыз арта түседі деген сенімдемін. "Қазқстан РТРК"
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.