[12.01.2009.] “Құбыла” бағдарламасының кітап/CD нұсқасы
16:37
“Құбыла” бағдарламасының кітап/CD нұсқасы жарық көрді
Қазақ радиосынан беріліп келген “Құбыла” атты бағдарламадағы тақырыптар кітап түрінде жарыққа шықты. Кітаптың соңғы жағында дискісі қоса салынған екен. Кітаптың құны - 500 теңге. Кітапта 12 тақырып қамтылған: Ақылды адамға иман парыз Пайғамбар пенделердің ең абзалы Құран - Аллаһтың сөзі, ақиқаттың өзі Аллаһқа табын, басшыға бағын Ата-ананы құрметте Аллаһ үшін Ислам әйелді қорлай ма, қорғай ма? Тәрбие тал бесіктен басталады Көркем мінез - кемелдену белгісі Білімді білімсізбен тең бола ма? Аллаһқа серік қосқан адасады Ауыр күнә апатқа апарады Аллаһтың рахметінен күдер үзбеңдер! Бұдан соң тікелей эфирде жүргізілген радиобағдарламаға қатысып, сауал қойған тыңдармандардың сауалдарына жауаптар берілген. Сонымен бірге рамазан айында беріліп келген хабарлар да жинақталып, диск түрінде шығарылыпты деп хабарлайды "Өрімтал" блогы.....
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.