Түрік Телеком Баскетбол Командасы Хашаронды 20-0 ұпаймен жеңді
Түрік Телеком Баскетбол Командасының Израильдің Хашарон камандасымен өткен сейсенбі күні Анкарада ойналуға тиісті болатын. Еуропа Кубогі Тобы Мачы алдында залдағы бір топтың Израильдің Газаға шабуылын протест етуі себепті тоқтатылған жарыс үшін Еуропа Тәртіп Кеңесі Түрік Телеком Командасын 20 – 0 ұпаймен жеңді деп жариялады. Мач алдында протесттер себепті төрешілер мен Израиль командасы киіну бөлмелеріне кеткен болатын. Тыныштық орнағаннан кейін майданға қайта оралған төрешілер командаларды майданға шақырды, алайда, Израиль командасы майданға қайтып оралмаған болатын. Осы оқиғаны кеңескен Еуропа Кубогі Тәртіп Кеңесі Түрік Телеком Командасын 20 – 0 ұпаймен жеңді деп жариялады. Оқиғаларға орай өкілімізге бір мачты көрерменсіз ойнау жазасын және 15 мың евро ақша жазасын берген Кеңес жарыс майданына оралмаған Хашарон командасына 50 мың евролық ақшалай жаза берді. Осы шешіммен Түрік Телеком Командасы сейсенбі күні Афиныда ойналатын Панеллиниос мачы алдында Д тобын лидер ретінде аяқтауға кепілдік жасады. www.trt.gov.tr
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.