[13.01.2009.] Д.ҚОНАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕШІТ БОЙ КӨТЕРДІ - 13 Января 2009 - Бала-Бүргемге қош келдіңіз
Жексенбі, 12.Ақпан.2012, 05:01
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
•  ОБЛЫСТАҒЫ БАСТЫ МӘСЕЛЕ - ДІН МАМАНДАРЫНЫҢ ТАПШЫЛЫҒЫ
•  Құрбан айт намазы
сауалнама
Имамдар жұмыстарын қаншалықты жақсы атқарады?
Жауап берілді: 715
 

Негізгі бет » 2009 » Қаңтар » 13 » [13.01.2009.] Д.ҚОНАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕШІТ БОЙ КӨТЕРДІ


[13.01.2009.] Д.ҚОНАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕШІТ БОЙ КӨТЕРДІ
11:09
nullД.ҚОНАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕШІТ БОЙ КӨТЕРДІ
Жақында Талас ауданындағы Тамабек ауылынан Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтің атымен аталатын жаңа мешіт ашылды. Тамабек ауылы – Қаратау қаласынан солтүстік шығысқа қарай 75 шақырым жерде, Талас өзенінің шығыс жағындағы жусаны мен жантағы, бетегесі мен бидайығы мол қоңыр топырақты далаға қоныс тепкен. Ауыл іргесі сонау 1929 жылы Елтай (Чкалов) ұжымшары негізінде қалыптасты. Кейіннен асыл тұқымды қой өсіретін Аманкелді кеңшары болып құрылды.
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында осы бір шағын ауылдан майдангерлерге көмек ретінде жүздеген арғымақтар жөнелтілді. Еңбек еленбей қалған жоқ. Арғымақтарды баласындай мәпелеп өсірген Байқошқар Мүсірәлиев, Қартабай Атшабаров, Дәдебай Байқонысов, Әбзелбек Би-жанов, Орман Қасымбеков, Жаманғара Аманбаев, Мұрат-бек Ташкентбаев, Әжібек Тұтқышбаев, Әмір Туғамбаев, Тілеп Қыдырбаев және Дүкенбай Оразбаев сияқты тарландар соғыс оты өшкеннен кейін көп ұзамай Социалистік Еңбек Ері атағына ие болды. Шынында бұл бір жұлдыз жауған жыл еді.
Ел еңсесін көтеріп, білім мен ғылымға, мәдениет пен өнерге деген ынта ұлғайған тұста бұл ауылдан енді ағайынды Әнуарбек және Ерғара Тәжімбетовтер, Тамабек Қартабаев, Берден Байқошқаров сияқты түлектер кеңшар директоры, аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары, ауданның екінші және бірінші хатшысы деген сияқты сол тұстағы жоғары лауазымды қызметтерге тағайындалды. Ал талантты ұлдары – Шона Смаханұлы, Рәпілбек (Рафаэль) Ниязбеков, Елден Аққошқаров және Жанғара Дәдебаев сияқты ақын, жазушылар мен ғалымдар мақтанышқа айналды. 
 «Бір кем дүние» дегендей, бірақ кеңес өкіметі ағалар еңбегін «алтын жұлдызбен» бағалап, талапты жастарды өнер, білімге тегін бау-лығанымен, атеистік саясат аталарымыздың апшысын қуырып, айылын тартқызғаны рас еді. Соның кесірінен Жәдік көлінің жағасындағы Қарақожа мешіті кеңес өкіметі жылдарында малдың ықтасынына айналып, «айдалада ақ отау, аузы-мұрны жоқ отаудың» кебін кигендей қаңырап қалса, Тамабек ауылында жамағатты жұма намазға жинайтын жолым үй де болған жоқ. Дегенмен, ауылдағы Әмір қожа деген діндар қария замандастарын қал-қадерінше имандылыққа баулып, Алланың хақтығына ұйытты.
Әлі есімде, Әмір қожа жарықтық Ораза, Құрбан айтта шарбағына көршіле-рінің алаша, текеметтерін жайып, намазға ниет еткен ауыл тұрғындарын сол тө-сеніштердің үстіне қаз-қатар тұрғызып, Аллаһты мадақтап азан шақырып, намаз оқитын. Оған көбінесе кемпір-шалдар мен сол кемпір-шалдардың етегіне оралған балалар жиналатын. Ал ауылдың «атқа мінерлері», коммунист немесе комсомол болғандықтан, ата-апаларының діншілдігін көрсе де көрмеген, білсе де білмеген болып, «бес жылдықты» асыра орындау керек» деп, азанға қарамай құлқынсәріден жұмастарына аттанып кете баратын.
Бүгін заман басқа, заң басқа. Қадірін әлі күнге дейін бір адам біліп, бір адам білмей жүрген тәуелсіздіктің ең басты жақсылықтарының бірі – төлежіген төл дінімізбен қайта табысуымыз болды. Астана, Алматы мен облыс, аудан орталықтарындағы үлкен мешіттерді айтпағанда, алыстағы ауылдардан да көркем мешіттер көптеп бой көтере бастады. Тамабек ауылынан шыққан әлгі 11 Социалистік Еңбек Ерінің бірі Байқошқар Мүсірәлиевтің ұлы Берден Байқошқаров та зейнетке шыққалы қазақтың ежелгі тарихын қаузап, қолына қалам-қағаз алып, көп ойланатын болған. Оның нәтижесі «Авестадан Алашқа дейін» деген тағылымы мол тарихи кітапқа айналды. Кітапқа тарих ғылымдарының білімдарлары жылы пікір білдірді. Жас кезінде Талас ауданындағы Кеңес кеңшарында директор, Сарысу ауданында екінші хатшы және жігіт ағасы шағында Қордай ауданында бірінші хатшы болып, көп жылдар бойы абыроймен қызмет атқарған ақ шашты қарияның ендігі арманы не?..
Бірде «ауылда мешіт жоқ, кім көмектеседі» деп барған сайын сұрақтың астына алатын Шекер көкемнің жанайқайын Бекеңе жеткіздім. Ауылдан шыққан бір жас кәсіпкер «мешіт салып берем, бірақ әкемнің атын қоюға рұқсат бересіңдер» деп қатал шарт қойыпты. Шекер бастаған шалдар ондай астамшылыққа шыдамай, қарсы болыпты. Алланың үйіне атын беретіндей оның әкесі кім еді сонша? Содан кейін «Олай болса, қор ашып, ақша жиыңыздар, сөйтіп түскен қаржыға шағын мешіт үйін тұрғызыңыздар» деп осы ауылдың Мәскеуде тұратын Роза атты қызы 500 АҚШ долларын беріп кеткен екен, бірақ жақсы ұсынысты іліп алып кететін белсенді табылмаған. Болмашы қаржы мешіттің іргетасын қалғаннан арыға жетпеді.
Осы әңгіменің бәрі құлағына жеткен тұста Берден ақсақал түйіліп отырып, ауыл мешітін өз қаржысына салдыратынын айтты. Сол сәтті пайдаланып:
null
- Берден аға, - деген едім мен, - мешіт салдырып, атын Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев деп қойсаңыз, өмір бойы ел үшін еткен еңбегіңіздің ең үлкені сол болар еді. Бұл имандылығыңызға Қонаевтың қолын алған әкеңіз, Социалистік Еңбек Ері Байқошқардың да әруағы риза болатын шығар... 
Бекең ойланып отырып «жөн екен» деді. Осы «жөн екенмен» жұмыс басталып кетті. Мешіт құрылысының жұмысын бақылау облыстағы Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев атындағы қордың президенті Мәмбет Күшікбаевқа жүктелді. Ел іші болған соң іштарлық та болады. «Қаражат түгелімен Бердендікі емес, онда Д. А. Қонаев қорының да үлесі бар» деген сөз шықты. Енді бір сужұқпас «Берденнен басқа бір ағамыз мешітке 2 миллион теңге қосыпты» деп соқты. Бірақ Еңбек Ерінің ұлы Бекең өсек-аяңға құлақ асқан жоқ. Інілері Мәмбет пен Бөденге мешіт құрылысының барлық қаржылық операциясын сеніп тапсырды. Балаларының өз жұмыстары өз бастарынан асып жатыр. Ал өзі қолға алуға жасы жетпістен асты, жүрек шіркін де сыр бере бастады. Тіпті, мешіт салынып жатқанда ауруханаға да жатып шықты.
Бір күйініштің бір сүйі-ніші болады. Жақында Тамабек ауылынан (бұрынғы Аманкелді ауылы) Әмір қожа атамыздың арманы болған Алланың үйі дүниеге келіп, оның ашылу салтанатына алыс-жақыннан жамағат көп жиналды. Алланың үйінің маңдайшасына «Дінмұхаммед Қонаев мешіті» деп жазылыпты. Әлбетте, мешітті тіркеу, ат беру, имамын тағайындау Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құзыреті екені белгілі. Сондықтан, бұл шаруаның бәрі облыстағы Һибатулла ат-Тарази деп аталатын орталық мешіттің Бас имамы Ербол Сағи арқылы ҚМДБ Бас мүфтиі Әбсаттар қажы Дербісәлінің келісімімен жүзеге асырыл-ды. Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев мешітіне имамдыққа кеңес өкіметінің кезінде қойнынан Құранын, қолынан тәспиғын тастамаған баяғы Әмір қожаның баласы Зейноллаәбдин ұсынылды. «Қилы-қилы заман болар, қарағай басын шортан шалар» деген – осы. Атеистер билеген елдің шаңырағы ортасына түсіп, ағаш уықты, киіз туырылықты қазақ тәуелсіздік алып, төл дінін төрге оздырды.
Біз мешіттің ашылу рәсіміндегі қуанышқа шүкір дей тұрып Алланың үйінен азанның үзілмеуін, жама-ғатынан жұрдай болып, жетімсіремеуін тіледік. Имам да халықтан осыны қатты өтінді. Өйткені, мешіттің ашылғанына қуанған қазақ көп жағдайда оған уақтылы баруды, Алланың үйінің айналасын таза ұстап, су себуді, тал егуді, гүл отырғызуды және жұма намазды жамағатпен бірігіп оқуды ұмытып кетіп жатады.
Мешіттің ашылғанына қуанған жұрт: «Енді, құдай қаласа, ауылдан жаңа мектеп салынайын деп жатыр!»– деп бір-бірінен сүйінші сұрап жатты. Бұл – облыс пен ауданнан жеткен соңғы жаңалық екен. Мешіт – жамағатымен, мектеп – жас құрақтай желкілдеген балалармен көрікті. Ауылдағы мешіт, мектеп және мәдениет ошағының талапқа сай болғанына не жетсін! Мешітті Берден сияқты жомарт қариялар салдырса, мектеп, балабақша, мәдениет ошағын жергілікті билік өз міндетіне алған. Байқағанымыз және байқап, пайымдағанымыз, билік болып, бұқара болып, осы игіліктерді емін-еркін еңсере бастаған ересен бір күш-қуат пайда болған екен елде.
Лайым солай болғай!
Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ, Тамабек ауылы, Талас ауданы,
Жамбыл облысы "Ислам және Өркениет"  №1, 1-10-КАНТАР, 2009 ж.
Категориясы: Еліміздің соңғы жаңалықтары | Көрілді: 2372 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 5.0/1 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 2
02.Ақпан.2012
2. Иман
Айналайындар-ау, діни сайттың оң жақ бүйріндегі мынау не пәлелер? Қандай сайтандар салып жүр? Алып тастасаңдаршы? Астапыралла!

[пікірдің сілтемесі]
25.Наурыз.2011
1. bauyrzhan kobadilov
berdenge at mingizgenin nege zhazbagan, halyk at mingizdi, jalpy jaksy

[пікірдің сілтемесі]

Есімі*:
Email-ы:
WWW:
Сақтық коды *:


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2010 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Қаңтар 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: bola80, erkintursynbek

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: erkintursynbek

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3564
Осы ай ішінде: 23
Осы апта ішінде: 7
Кеше: 2
Бүгін: 0