«ҚҰРАНДАҒЫ ИИСУС ХРИСТОС»
Болгарияның «Омофор» деп аталатын ірі православ баспасы, дін қызметкері, әрі «ВВС»-дің көп жылдан бергі редакторы Радко Поповтың осылай деп аталған кітабын жарыққа шығарды. Бұл еңбекте христиандар мен мұсылмандардың арасына жік салып жүрген аталмыш мәселе терең зерттеліп жазылған. Автор Құрандағы кейбір қағидалармен келіс-пейтіндігін ашып айтса да, Иса (ғ.с.) пайғамбар туралы исламдық болжамдарды егжей-тегжейлі, әділ түрде талдаған. Автордың көп ізденістері мен ғылыми зерттеулерінің нәтижесінде, қалың оқырман қауымға арнап жазылған жаңа кітап бүгінгі әлем аса зәру болып отырған әртүрлі дін өкілдері арасындағы өзара түсіністік пен құрметтің өсуіне ықпал жасайды. Кітаптың кіріспесінде: «Бұқаралық ақпарат құ-ралдары ислам дінімен байланысы бар жаңалықтарды айтпай кетпейтін күндер әлі алда. Болгария тұрғындары қанша ғасырлардан бері миллиондаған мұсылман-дармен көрші өмір сүруде. Олар біздің көршілеріміз, інжілдік мағынада айтқанда, жақындарымыз. Бірақ, олардың діні мен мәдениеті жөнінде біз не білеміз? Біздің мұсылмандар ту-ралы танымымыз тарихи қалыптасқан үстіртін түсініктер мен мифтерге ғана негізделген. Бұл мұсылман және христиан әлемдерінің арасына жік салып келеді. Исламды ешқандай бұрмалаусыз, іс жүзінде таныған православ христиандары өте аз» делінген. Автор бұл еңбегінде Құран Кәрімдегі Иса (ғ.с.) пайғамбардың бет бейнесін ашуға талпынған, яғни пайғамбардың (ғ.с.) өмірін мұсылмандардың қасиетті кітабында айтылған деректер бойынша сомдаған. Кітап христиан және ислам діндері арасындағы байланысқа, өзара іс-әрекетке қызығушылығы бар барлық оқырман қауымға арналған. Ол тіпті арнайы дін мамандары, ғылыми қызметкерлер, аспиранттар мен студенттер үшін де таптырмас білім көзі болып отыр. Автордың ұйғарымы бойынша, кітапты сатудан түскен қаражат дінаралық және мәдениетаралық зерттеу орталығына аударылады. Құнды еңбек кітап дүкендеріне саудаға шығарылды. Дайындаған. К.ҚҰТТИЕВ.
|