[13.01.2009.] Б.ОБАМАҒА АҚШ МҰСЫЛМАНДАРЫНЫҢ ӨТІНІШІ
12:32
Б.ОБАМАҒА АҚШ МҰСЫЛМАНДАРЫНЫҢ ӨТІНІШІ
АҚШ-тың 12 мұсылман ұйымы коалициясы жаңадан сайланған президент Барак Обамаға ашық хатын жариялап, онда ислам әлеміндегі антиамерикандық жағдайдың тым ушығуына әкеп соққан Джордж Буштың сыртқы саясатын тоқтатуға шақырған. Өткен жылдың 29-желтоқсанында баспасөз мәслихаты барысында аталған ашық хатты жариялаған мұсылман өкілдерінің бірі Ага Саид: «Жаңа әкімшілік АҚШ-тың мұсылман қауымына көп көңіл бөлуі тиіс. Америкадағы сайлауға ел мұсылмандарының 95 пайызы қатысса, оның 89 пайызы Б.Обамаға дауыс берді, бұл – өте жоғары көрсеткіш»,– деді. Тек 2 пайызы ғана Джонн Маккейнге дауыс берген. Американ-ислам қарым-қатынастары жөніндегі кеңестің атқарушы директоры Нихад Авад Обаманың сайлауалды кампания кезінде сөз берген міндеттерін орындауына мұсылмандар қолұшын беруге әзір екенін айтып өтті. Ашық хатта, сонымен қатар, халыққа қол жетімді денсаулық сақтау қызметінің болуы және елдің проблемалы иммиграциялық жүйесін жетілдіру туралы да айтылған. Дайындаған. К.ҚҰТТИЕВ.
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.