Қырғызстанның оңтүстігінде адамдарды Сауд Арабиясына қажылыққа апарам деп уәде берген алаяқ ұсталды. Бұл жөнінде аталмыш елдің Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Ұсталған қылмыскер Жаны-Ноокат елді-мекенінің қажылыққа барамыз деген 81 және 83 жастағы екі тұрғынының сеніміне кіріп алып, олардың бірінен 2,5 мың, екіншісінен 2,9 мың АҚШ долларын қалтасына басады да, екеуіне жалған визаларды табыстайды. Бүгінде тексеру жұмыстары жалғасын табуда.
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.