|
|
 | |  |
Негізгі бет » 2009 » Қаңтар » 13 » [13.01.2009.] 200 долларға той жасады
[13.01.2009.] 200 долларға той жасады | 13:05 | 200 долларға той жасады
Ысырап той, дарақы той қазiргi күннiң сәнiне айналған сияқты. Қазiр, кем дегенде, жай той 8-10 мың долларсыз өтпейтiн болды. Бiздiңше, қазаққа АҚШ-тың Иллинойс штатында өткен мына тойдан шамалы болсын үлгi алу керек сияқты. Жақында 30 жасар Пол Брукс есiмдi жiгiт австралиялық 21 жастағы Карой Брукс деген қызбен шаңырақ көтердi. Екеуiнiң тегi аттас болғаннан кейiн қызға күйеуiнiң фамилиясын алу мәселесi де туындаған жоқ. Екеуiнiң таныстығына да себеп болған жеңгетай-интернет баяғы. Жас жұбайлар интернет, телефон арқылы 9 ай бойы сөйлесiп, көзқарастары бiр жерден түйiскеннен соң қосылуға бел буады. Ең қызығы, тойды Taco Bell атты шағын кафеде ұйымдастырады. Тойға бар болғаны 200 доллар ғана шығын кетедi. Ал қыздың тойына киген көйлегiнiң құны 15 доллар ғана тұрады. Бiзде 200 долларға қызға киiт те жасай алмайсың. Бұдан бiз қазаққа 200 долларға той жаса деп тұрғамыз жоқ, тек дарақылыққа жол бермей, шектен шықпағанымыз абзал-ау. Салтан Сәкен
|
|
|
| Барлық пікірлер: 1 | | |
13.Қаңтар.2009

қайдам, қазаққа екі жүз мың теңгенің өзі де ақша емес той жасауға
|
[ пікірдің сілтемесі]
| | |
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.
© 2008-2010 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды
|
|
|
|