САЙРАМ МЕН ТҮРКІСТАН АТЫРАБЫНДА
26-желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысындағы көне шаһарлардың бірі Сайрам ауданы Ақсукент қалашығында Ергешбек Нұрлыбайұлы атындағы жаңа мешіттің ашылу салтанаты өтті. Оған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі хазрет қатысты. Сайрам – облыстағы мұсыл-мандардың ең көп шоғырланған аудан. Жаңадан ашылған мешіт 350 орындық: дәрісхана, кітапхана және имам бөлмелері бар. Айналасы қоршалған, алаң-қайына тас кірпіш төселген, мешіт қысқы жылу жүйесіне қосылған. Еденіндегі жайнамаз кілемдері біркелкі. Мешіт күмбезі шығыс үлгісінде салынған. Бір сөзбен айтқанда, замана талабына сай етіп бой көтерген. Бұл Аллаһ тағала үйін кәсіпкер А.Нұрлыбеков өз қара-жатына салдырып, имандылық жолына үлкен сауапты амал жасады. Ресми ашылу қасиетті Құран Кәрім оқумен басталды. Мешіттің ашылу салтанатын жергілікті Сайрам телеарна «Шапағат нұр» имандылық бағдарламасының жүргізушісі Ергешбек қажы До-сыметов мырза жүргізіп отырды. Әуелгі сөз Қазақстан мұсылмандары діни басқарма-сының төрағасы, Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі хазретке берілді. Дінбасы жердегі Аллаһ үйінің мән-маңызына, ондағы атқарылатын негізгі жұмыстарға тоқталды. Бас мүфти бұл өңір атауы сонау оныншы ғасырлардағы араб жазба жәдігерліктерінде кездесетінін, Сайрамның «Ақ қала», «Исфиджаб» және т.б. атау-ларымен қатар, ежелгі тарихын да әңгімелеп берді. Қалталы азаматтарға мешіт салумен қатар, өзге де сауапты істерге көмек беру қажеттігіне тоқталды. «Бізге мектеп, балабақша, көпір салу секілді істердің де сауапты екені қаперде жүруі қажет»,– деді Дінбасы. Сөзінің соңында мешіт салған бауырларымызға алғысын білдіре келе, баға жетпес сыйлық ретінде Ергешбек Нұрлыбайұлы атындағы жаңа мешіт имамы Жолдас Тоқтамысұлына қасиетті Құран Кәрімді тарту етті. Сайрам ауданының әкімі Мұхит Әлиев сөз алып: «Бүгін біздің ауданда үлкен той өтуде. Яғни, жұма күні Ақсукентте Ергешбек Нұрлыбайұлы атындағы жаңа мешіттің ашылуына байла-нысты баршаңызға Аллаһ та-ғала разы болсын дегім келеді. Сайрам ауданы көп ұлттар мен ұлыстар тату-тәтті бір шаңырақ астында өмір сүруде. Біздердің қуанышымызға ортақтасып отырған Бас мүфти Әбсаттар қажыға аудан халқы-ның атынан алғысымызды білдіреміз»,– деді. Осыдан кейін құттықтау сөз арнайы келген Созақ ауданының әкімі Созақбай Исаұлына берілді. Ол кісі сөзін Бисмиллаһпен бастады. «Дінбасы Әбсаттар қажы Дербісәліге рахмет. Хазреттің мұнда келуі аудан халқы үшін де, қала берді өзіміз үшін де үлкен мәртебе деп санаймын. Өйткені, 2008 жылы оның мамыр айында Созақ ауданына жасаған ресми сапарынан мол өнеге алып, имани қасиеттердің бұлағынан сусындағандай болдық. Сон-дықтан да, хазрет біздің ауданға да жиі келіп, ат басын бұрып тұруыңызды қалаймыз»,– деген әкім мешіт салған азаматтарға алғысын білдіріп: «Аллаһ тағала мешіт салдырған адамға, жәннаттан жай салып береді»,– деп Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисімен сөзін аяқтады. Мешіт салдырған кәсіпкер-лердің анасы Дусия Нұрмашқызы мешітке арнайы келген Дінбасыға аналық алғысын білдірді. Мешіт лентасын шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі хазрет пен аудан әкімі Мұхит Әлиев қиып, көпшілікпен бірге сәлем намазын оқып, өкіл имам А.Керімбек жұма намазы алдында уағыз айтып, алғашқы жұма намазын өткізді. Ғибадаттан соң өткен ата-баба рухтарына Құран оқылып, Дінбасы отырған көпшілікке бата берді. Осыдан кейін Дінбасымыз «Сайрам», «Айғақ», «Қазақстан – Шымкент» телеарналарына арнайы сұхбат беріп, мешіт салдырған ағайындарға алғысын білдірді және де алдағы қос жаңа жыл, мұсылман жылбасы 1430 жыл, яғни һижри мұхаррам айының және милади 2009 жылдың келуімен барша мұсылмандарды құттықтап, ізгі тілектер тіледі. *** 27-желтоқсанда Дінбасы Түркістан қаласы маңындағы көне шаһардың бірі ескі Иқанда жаңадан бой көтерген Қауам ад-Дин әл-Итқани әл-Фараби ат-Түркістани атындағы мешіттің ашылу салтанатына қатысу үшін осында келді. Әбсаттар қажы Дербісәлі хазретті Түркістан қаласының кіреберісіндегі «Ұлы қақпа» деп аталатын жерден аудан әкімі Бейбіт Сыздықов бастаған аудан, ауыл тұрғындары күтіп алды. Иқандық тұрғындар да көнеден келе жатқан үлкен бір дәстүрді жаңғыртты. Дәстүр негізі сонау орта ғасырларда қазіргі Түркістан шаһарының сұлтаны болған тұста Қ.А.Иассауиді Иқан ауылының әмірі 12 түрлі жүзіммен қарсы алған екен. Осы дәстүр қаншама ғасырлардан соң өз жалғасын тауып, халық шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі хазретті 12 түрлі жүзіммен қарсы алды. Осындай дәстүрді жалғастырған жергілікті жұртқа Дінбасы рахметін айтты. Содан соң Дінбасы бастаған топ Иқан ауылына кіреберістегі, ел данышпаны, ғұлама, ақын, түркі жұртының ойшылы Жүсіп ата кесенесіне соғып, жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарымен танысты, баба аруағына Құран бағыштады. Кесене алдында жиналған көпшілікке Әбсаттар қажы Дербісәлі Жүсіп атаның өмір жолына тоқталды. Аудан әкімі Б.Сыздықов кесене құрылысына «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында 56 миллион теңге бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. Кесенені қалпына келтірудің басы-қасында жүрген ауыл әкімі Дониш Маннатовқа алғыс білдірілді. Дінбасы кесенеге зияратынан кейін, ескі Иқан ауылында жаңа салынған Қауам ад-Дин әл-Итқани әл-Фараби ат-Түркістани атын-дағы мешіттің ашылу салта-натына қатысты. Мешіттің жалпы сыйымды-лығы үш жүз орындық, ішінде неке қию бөлмесі, Қауам ад-Дин әл-Итқани әл-Фараби ат-Түркістани атына берілген мұражай, әрі кітапхана және имам бөлмелері орналасқан. Мешітті осы топырақтың перзенті ескі Иқан ауылының әкімі Дониш Маннатов мырза өз қаржысына салдырған. Ол кісінің өзге жұрттар секілді, мешітке өз ата-бабаларының атын сұрамай, бүкіл халықтың, қазақтың мақтанышына айналып отырған, сонау орта ғасырларда 31 жасына дейін Отырарда имамдық, кейін, Мысырда, Ирак, Сирия шаһарларында ұстаздық еткен, қазы болған Қауам ад-Дин әл-Итқани әл-Фараби ат-Түркістани атын берді. Орта ғасырлардағы өмір сүрген дана ғұламаның өмір тарихы мен жазған еңбектерін қазақ халқына паш еткен Дінбасына жергілікті әкім бастаған ауыл тұрғындары шынайы алғысын жасырмады. Ресми ашылу қасиетті Құран Кәрім оқылуынан басталды. Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі хазрет жиналған көп-шілікті қуанышпен құттықтап, Оңтүстік өңірде алдағы жылы екі үлкен мешіт құрылысының басталатындығына тоқталды. Оның бірі, Түркия демеушілігімен Түркістан қаласында үш мың орындық мешіттің құрылысы. Мешіттің бас жоспарын мемлеке-тіміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев өзі бекіткен болатын. Екінші мешіт облыс орталығы Шымкент қаласында сыйымдылығы үш мың кісілік мешіт құрылысының жүріп жатқандығын атап өтті. Қазақ салт-дәстүрі бойынша сыйлы да, құрметті қонағына қашанда үлкен ілтипат пен қошемет білдіріп отырған. Соның бір айғағы – мешіт салдырған әкімнің Дінбасымызға шапан жауып, құрмет көрсеткендігі. Қауам ад-Дин әл-Итқани әл-Фараби ат-Түркістани атындағы Аллаһтың үйі еліміз бойынша Діни басқармаға филиал ретінде 2300-ші мешіт болып есепке алынды. Дінбасы мешітке көрімдік ретінде оның имамы Ділмұрат Исмайловқа қасиетті Құран Кәрімді һадия етті. Осыдан кейін, Қазақстан Республикасы Парламентінің мәжілісінің депутаты Розақұл Халмұратов сөз алып, Аллаһ тағалаға сансыз мақтаулар мен мадақтар және Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымызға салауаттар бол-сын!– деп сөз бастады. Халық қалаулысы елдің бірлігі, ынтымағы, жастардың имандылыққа бет бұр-ғаны үлкен рухани байлығымыз деп ізгі тіліктерін жеткізе келе, көп ұлтты еліміздің үлкен байлығы бірлік, ынтымақ, татулық жайына тоқталып, Елбасының салиқалы саясатын баршаның қолдауы керектігіне тоқталды. Мешіт лентасын Әбсаттар қажы Дербісәлі хазрет пен Түркістан әкімі Бейбіт Сыздықов қиды. Дінбасы жамағатпен бірге сәлем намазын оқып, өткен ата-баба рухтарына Құран бағыштап, ақ батасын берді. Осы оқиға жайлы жергілікті «Тұран – Түркістан», «Айғақ», «Қазақстан – Шымкент» секілді бұқаралық ақпарат құралдары арнайы репортаж берді. КЕЛЕЛІ БАСҚОСУ
29-30-желтоқсанда Дінбасы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кеңейтілген төралқа мәжілісін өткізді. (Бұл туралы газетте арнайы материал жарияланып отыр.) Келелі басқосу жайлы «Асыл арна» телеарнасы арнайы репор-таж берді.
КӨҢІЛ АЙТТЫ
4-қаңтарда Дінбасы Қыр-ғызстан мүфтиі Мұратәлі қажы Жұмановтың әкесі Шарап Жұманұлының қайтыс болуына байланысты іссапармен Бішкекке барып қайтты. Әріптесіне өзі және Қазақстан мұсылмандары атынан көңіл айтты. Қонақтар құрметіне жайылған құдайы асқа қатысып, марқұмның аруағына Құран Кәрім аяттарын бағыштап, бата жасады. Сол күні ҚР Бас мүфтиі Әбсат-тар қажы Дербісәлі Алматыға қайтып оралды.
СТАМБУЛҒА АТТАНДЫ
6-қаңтарда Дінбасы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы және Түркия діни істер басқармасы арасындағы келісімшарт негізінде Стамбулға білімдерін жетілдіру курсына аттанып бара жатқан бір топ дін қызметкерлерімен кездесті. Имамдарды діни басқарманың талаптарымен таныстырып, уақыттарын текке кетірмей, қысқа мерзім болса да білімдерін жетілдіріп қайтуға кеңес берді. Кездесу соңында имамдардың сұрақтарына жауап беріп ақ жол тілеп, бата берді.
ҚМДБ-ның баспасөз қызметі.
|