БАҚ: ЖАҢА ЖАРИЯЛАНЫМДАР - 14 Января 2009 - Бала-Бүргемге қош келдіңіз
Сенбі, 11.Ақпан.2012, 23:08
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
•  ОБЛЫСТАҒЫ БАСТЫ МӘСЕЛЕ - ДІН МАМАНДАРЫНЫҢ ТАПШЫЛЫҒЫ
•  Құрбан айт намазы
сауалнама
Намаз оқуыңа не кедергі?
Жауап берілді: 806
 

Негізгі бет » 2009 » Қаңтар » 14 » БАҚ: ЖАҢА ЖАРИЯЛАНЫМДАР


БАҚ: ЖАҢА ЖАРИЯЛАНЫМДАР
19:55
null2008 жылы ойшыл, тарихшы ғалым Шәкәрім Құдайберді ұлының туғанына 150 жыл толды. Осыған орай ЮНЕСКО шеңберінде оның мүшелтойы атап өтілді. Шәкәрімнің өмірі мен қызметіне арналған халықаралық конференция Семейде өтті. Оған бірқатар көрнекті ғалымдар қатысып, баяндамалар жасады. Сол дүниелерді «Шәкәрім» Ғылыми педагогикалық журналы хаттап басып шығарған. Журнал Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының және Орта Азия мүфтилер кеңесінің төра-ғасы, Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлінің «Шәкәрім және Ислам мәдениеті» атты мақа-лысымен ашылған. Мақалаға жазылған кіріспеде редакция алқа мүшелері шейх Әбсаттар қажы Дербісәлінің еңбегіне «Шәкәрімтану ғылымындағы өрісті жаңа бағыт. Мақалаға (2-10 беттер) ғалымның даралық танымы айқын көрініс тапқан»,– деп жоғары баға берілген.
***
2008 жылы қазақ мемлекетін құру жолында шаһид болған алаш арыстарының «Алаш» қозғалысына 90 жыл толды. Соған байланысты Семейде халықаралық үлкен жиын өтті. Оның жұмысына ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академиктері – Ж.Әділдин, Р.Нұрғали, Ғ.Есім, профессорлар – М.Қойгелді, М.Мырзахметов секілді т.б. ғалымдар қатысып баяндамалар жасаған. Оларды «Алаш» ғылыми-танымдық журналы жариялаған. Оған ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев алғы-сөз жазған. Журнал шейх Әбсаттар қажы Дербісәлінің алаш ардағы Шәкәрімге байланысты «Шәкәрім және Ислам мәдениеті» атты мақаласын да жариялай отырып, оған (196-105 беттер) «терең танымы мен даралық стильмен ерекшеленеді» деген баға берген. Екі жинаққа да шейх, Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі редакция алқа мүшесі ретінде кіргізілген.
Семейдегі Шәкәрімтану ғы-лыми-зерттеу Орталығы қазақтың классик ақыны, ойшыл Шәкәрім Құдайбердіұлының (1858-1931) өмірі мен шығармашылық жолына арнап «Шәкәрім» атты энциклопедия (Семей, Шәкәрім, Энциклопедия. Бас редактор Е.Б. Сыдықов- Семей, 2008, -864 бет) басып шығарған. Шейх, Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі энциклопедияның редакция алқасына кіргізілген және оған энциклопедияда жеке мақала да берілген (Әбсаттар қажы Дербіс-әлі, 304-305-беттер). ҚМДБ-ның баспасөз қызметі.

Категориясы: ҚМДБ жаңалықтары. | Көрілді: 1423 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0

Есімі*:
Email-ы:
WWW:
Сақтық коды *:


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2010 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Қаңтар 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: nakhan, bola80

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: bola80

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3563
Осы ай ішінде: 22
Осы апта ішінде: 6
Кеше: 1
Бүгін: 1