[14.01.2009.] Дін мәселелерін реттейтін жаңа заң заман талабынан туындап отыр – М.Бәшімов - 14 Января 2009 - Бала-Бүргемге қош келдіңіз
Жексенбі, 12.Ақпан.2012, 05:10
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
•  ОБЛЫСТАҒЫ БАСТЫ МӘСЕЛЕ - ДІН МАМАНДАРЫНЫҢ ТАПШЫЛЫҒЫ
•  Құрбан айт намазы
сауалнама
Қанша уақыт намаз оқисыз?
Жауап берілді: 608
 

Негізгі бет » 2009 » Қаңтар » 14 » [14.01.2009.] Дін мәселелерін реттейтін жаңа заң заман талабынан туындап отыр – М.Бәшімов


[14.01.2009.] Дін мәселелерін реттейтін жаңа заң заман талабынан туындап отыр – М.Бәшімов
20:23
Дін мәселелерін реттейтін жаңа заң заман талабынан туындап отыр – М.Бәшімов
«Дін мәселелерін реттейтін жаңа заңның қажеттігін өмір талап етіп отыр. Ақпарат құралдарының өкілдері осыған дейін дінге қатысты азаматтардың құқықтарының шектеліп жатқандығын қанша мәрте айтып, көрсеткен болатын. Өзіміз де іртүрлі дін өкілдерінің түрлі әдебиеттер таратып, оларға мәжбүрлі түрде үгіт-насихат жасағандығының куәсі болдық. Дін мәселесіне қатысты жаңа заң жобасы осындай себептерден туындады. Бұл туралы бүгін Конституциялық кеңестің қарауында жатқан «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына байланысты журналистермен болған кездесуде, заң ғылымының докторы Марат Бәшімов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 
Оның мәліметтеріне қарағанда, аталмыш құжатқа байланысты осыған дейін Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының өкілдерімен екі кездесу ұйымдастырылған. Оған заңгер ғалымдармен қатар қоғамдық ұйым өкілдері де атсалысқан. «Кездесулер барысында тараптар талқыланып отырған құжатқа байланысты Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының комментариін Қазақстандағы интернет сайттарының бірінде жариялайтын болып келісті. Өйткені заңға қатысты өзгерістер Парламенттің жоғарғы палатасында да төменгі палатасында да енгізіліп, халықаралық ұйым өкілдерінің талаптары назарға алынды», деді заңгер ғалым.
Оның пікірінше, дінге қатысты мәселелерді реттеу заман талабына сай және Конституция талаптары бойынша жүргізілді. «Мұндай құжатты біз ғана емес, ТМД-ға мүше мемлекеттердің көпшілігі қабылдады. Олардың ең соңғысы Қырғызстан мемлекеті болып отыр», деді М.Бәшімов. 
АСТАНА. ҚазАқпарат.
Категориясы: Еліміздің соңғы жаңалықтары | Көрілді: 1219 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0

Есімі*:
Email-ы:
WWW:
Сақтық коды *:


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2010 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Қаңтар 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: bola80, erkintursynbek

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: erkintursynbek

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3564
Осы ай ішінде: 23
Осы апта ішінде: 7
Кеше: 2
Бүгін: 0