[14.01.2009.] Дін мәселесін реттеуге бағытталған жаңа заң жобасының талаптары өркениетті елдердікінен әлдеқайда либералды - 14 Января 2009 - Бала-Бүргемге қош келдіңіз
Жексенбі, 12.Ақпан.2012, 05:15
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
•  ОБЛЫСТАҒЫ БАСТЫ МӘСЕЛЕ - ДІН МАМАНДАРЫНЫҢ ТАПШЫЛЫҒЫ
•  Құрбан айт намазы
сауалнама
Имамдар жұмыстарын қаншалықты жақсы атқарады?
Жауап берілді: 715
 

Негізгі бет » 2009 » Қаңтар » 14 » [14.01.2009.] Дін мәселесін реттеуге бағытталған жаңа заң жобасының талаптары өркениетті елдердікінен әлдеқайда либералды


[14.01.2009.] Дін мәселесін реттеуге бағытталған жаңа заң жобасының талаптары өркениетті елдердікінен әлдеқайда либералды
20:25
Дін мәселесін реттеуге бағытталған жаңа заң жобасының талаптары өркениетті елдердікінен әлдеқайда либералды – Халықаралық «Руханият» университетінің ректоры 
Дін мәселелерін реттейтін жаңа заң жобасы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің заңдарымен салыстырғанда әлдеқайда либералды. Бұл туралы бүгін Конституциялық кеңестің қарауында жатқан «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына байланысты журналистермен болған кездесуде, Халықаралық «Руханият» университетінің ректоры Мұрат Мыңбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 
Оның пайымдауынша, жаңа заң жобасындағы адам құқықтарын сақтау мен өзге де демократиялық ұстанымдарға байланысты мәселелер өркениетті елдердің көбісінің осы бағыттағы заңдарынан көш ілгері. «Өйткені, біздің заң елдегі діни конфессиялар мен ағымдардың сенім бостандықтарына кедергі келтірген емес. Алайда біз зайырлы мемлекет ретінде әрбір діни ұйымның жұмысын Конституцияға сәйкес реттеуіміз қажет. Яғни өзге дін өкілдері Қазақстан азаматтарының құқықтарын бұзбаулары керек», деді ректор. 
Оның пікірінше, қазір қоғамның назарын ерекше аударып отырған жаңа заң жобасы халықаралық талаптарға толық жауап бере алады. «Біз жергілікті діни ұйымдардың адам санын 10 мыңнан 5 мыңға дейін, одан соң 50 адамға дейін кеміттік. Ал Еуропаның Австрия, Германия, Франция сияқты дамыған елдерінде шіркеу мәртебесіне ие болу үшін 10 мың немесе 16 мың, кей жағдайда тіпті 30 мың адам болуы қажет. Осы тұрғыдан алғанда, біз қабылдағалы отырған заңды толық демократиялы деуге болады. Ал көпшілік тарапынан аталмыш құжат азаматтардың құқықтарын, діни сенім бостандығын шектейді, ол белгілі бір діннің мүддесін қорғауға бағытталған деген сын-ескертпелерді естігенде қайран қаласың. Өйткені, әлемдегі өркениетті мемлекеттерде бұл мәселе өте қатаң бақыланады», деді М.Мыңбаев. 
АСТАНА. ҚазАқпарат.
Категориясы: Еліміздің соңғы жаңалықтары | Көрілді: 1378 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0

Есімі*:
Email-ы:
WWW:
Сақтық коды *:


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2010 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Қаңтар 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: bola80, erkintursynbek

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: erkintursynbek

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3564
Осы ай ішінде: 23
Осы апта ішінде: 7
Кеше: 2
Бүгін: 0