Газадағы адамгершілікке жат трагедия Ислам әлемін Түркияның басшылығында аттанысқа келтірді. Ислам Конференциясы Ұйымы мүшелері Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Көксал Топтанның ұсынысымен Стамбұлда кезектен тыс бас қосты. Мәжіліс төрағасы Көксал Топтан жиналыстың беташарында Газадағы адамгершілікке жат трагедияға қарамай аймақта әлі де тұрақты шешім табылмағанына назар аударды. Көксал Топтан, «Бұл саяси көзқарасымызға байланысты тұғыр ұстанатын кез емес, қанаған жараға шұғыл, қабылданатын шешім табу кезі» деді. Израильдің теңсіз және ауыр күш қолданғанына меңзеген Топтан, осы қайғыны бөліскен елдердің парламент өкілдерінің халықаралық қоғам алдында әсерлі де күшті бір дауыс болуы керек екенін білдірді. Көксал Топтан Түркияның мәселеге байланысты белсенді саясат атқарғанын білдіріп, Газадағы атыстың тезірек тоқтауын, Газадағы шекара өткелдерінің ашылуын сұрады. Иран мәжіліс төрағасы Али Ларижани Израильдің соғыс қылмысын өткізгенін және қырғын қылмысынан жазалануы керектігін айтты. Жиналыстан ортақ декларацияның шығуы күтілуде. www.trt.gov.tr
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.