Бан Ки-Мун Израиль мен ХАМАС-ты атысты тоқтатуға шақырды
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Бан Ки-Мун Израиль мен ХАМАС арасында атыстың дереу тоқтауы ұсынысын қайталады. Бас хатшы Бан Ки-Мун Мысырда Сыртқы істер министрі Ахмед Ебулгейтпен өткізген ортақ баспасөз жиналысында ХАМАС зымырандарының тоқтауы керектігін және Израильдің теңсіз әскери әрекетін жазғырғанын айтты. Бан Ки-Мун Мысырдың атысты тоқтау жолында бастаған талпыныстарының тезірек нәтижеге жетуін үміт еткенін білдірді. Баспасөз жиналысында Мысыр Елбасы Хүснү Мұбаракпен кездескенін білдірген Бан Ки-Мун кездесуде Газада жалғасқан жағдай жайлы қайғылары мен алаңын бөліскенін атап өтті. Мысырдың Сыртқы істер министрі Ахмед Ебулгейт те ХАМАС делегациясының Мысырлық хабар алу ұйымы басшыларымен кездесулерінің жалғасқанын айтты. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Бан Ки-Мун Мысырдан басталған Орташығыс сапарында Иордания, Израиль, Батыс Шерия және Түркияға зиярат жасайды. www.trt.gov.tr
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.