[15.01.2009.] Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мәлімдемесі - 15 Января 2009 - Бала-Бүргемге қош келдіңіз
Сенбі, 11.Ақпан.2012, 22:58
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
•  ОБЛЫСТАҒЫ БАСТЫ МӘСЕЛЕ - ДІН МАМАНДАРЫНЫҢ ТАПШЫЛЫҒЫ
•  Құрбан айт намазы
сауалнама
Қай облыстан боласыз?
Жауап берілді: 1777
 

Негізгі бет » 2009 » Қаңтар » 15 » [15.01.2009.] Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мәлімдемесі


[15.01.2009.] Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мәлімдемесі
05:29
nullГАЗА СЕКТОРЫНДА ҚАНТӨГІС ТОҚТАТЫЛСЫН!
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Палестинаның Газа секторының аяусыз атқыланып, бомбыланып, одан бейбіт халықтың нақақ қаны төгіліп жатқанын айып­таумен қатар күрескер халықпен ынтымақтас екенін мәлімдейді және жауласушы жақтарды дау-жанжалды тоқтатуға, ал әлемдік қоғамдастықты Палестина – Израиль шиеленісін бейбіт жолмен реттеудің барлық мүмкіндігін қарастыруын жөн санайды. Израиль Газа секторын зымырандармен атқылап, бомбылауды тоқтатар емес. Нысанаға ХАМАС қозғалысының әскери құрамаларының басқару ғимараттары алынуда. Ұшақтар шабуылдауда. Тек Газа қаласының өзінде ғана бірден жеті нысанаға зымыран жаудырылған. Соның салдарынан әлденеше жүздеген бейбіт халық, балалар мен қарттар, әйелдер құрбан болды. 
Жарияланбаған соғыс тыйылар емес. Бұдан бейбіт халық зардап шегуде. Израильдықтардың шабуылына жауап та беріліп, онда да өлім-жітімге ұшыраушылар жоқ емес. Сөйтіп 60 жылдан бері дау-жанжалдан көз ашпаған Таяу Шығыста соғыс өрті өршіп барады. 
Зымырандармен толассыз соққы берудің жалғасуына наразылық ретінде бұл күндері көптеген араб елдері мен әлемнің бірқатар астаналарында көшелерге жүздеген мың адамдар шықты. Наразылық митингілері мен шерулер Бейрут, Каир, Бағдад, Амман, сондай-ақ Ыстамбұл, Париж, Нью-Йоркте өтіп, олар сондағы Израиль елшілігі алдында жалғасуда. Талап – Палестинадағы бейбіт халықтың нақақ қаны төгілмесін, дау-жанжал тоқтатылсын!
Йемен, Катар, Либия мен Сирия басшылары Израильдың палестиналықтарға шабуылын тоқтату үшін Каирде араб мемлекеттері Лигасының төтенше бас қосуын шұғыл шақырылуы қажеттігін мәлімдеді. 
Қазақстан мұсылмандары ел басшылығының Таяу Шығыс дау-жанжалын реттеудің кешенді бағыт-бағдарын қолдайды. Нақтырақ айтқанда, Қазақстан келіссөзге қаты­сушылардың кеңейтілуін жақтайды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Газа секторындағы бейбіт халықты қайғы-қасіретке ұрындырған бұл әскери текетірестің неғұрлым тезірек тоқтатылуы қажет деп санайды. 
Біз өз құлшылықтарымызда Алла тағаладан тағдыры әділетсіздік пен қайғы-қасіретке толы озбырлыққа ұшырап жапа шегіп отырған Палестина халқының бейбіт өмір сүруін, қантөгістің тезірек тоқтатылуын тілейміз. 
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ел мұсылмандары атынан Израиль басшыларын ақылға келіп әскери ұрыс қимылдарын, қантөгіс пен зорлық-зомбылықты тезірек тоқтатуға шақырады.  Алматы, қаңтар 2009 жыл.

Категориясы: ҚМДБ жаңалықтары. | Көрілді: 1625 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 5.0/1 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0

Есімі*:
Email-ы:
WWW:
Сақтық коды *:


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2010 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Қаңтар 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: nakhan, bola80

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: bola80

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3563
Осы ай ішінде: 22
Осы апта ішінде: 6
Кеше: 1
Бүгін: 1