[15.01.2009.] Қазақстан өкілдері мұсылман көшбасшыларының конференциясына қатысады
14:50
Қазақстан өкілдері мұсылман көшбасшыларының конференциясына қатысады
ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Е. Aшықбаевтың мәлімдеуінше, ертең Дохада (Қатар) ғаламдық мұсылман көшбасшыларының 3-конференциясы басталады. Аталмыш шара штаб-пәтері Нью-Йоркте орналасқан «Америка қауымы мұсылмандардың дамуын қолдайды» (ASMA) атты үкіметтік емес ұйыммен бірлесе ұйымдастырылуда. Конференцияның мақсаты - қазіргі заман мәселелерін қарастырудағы конструктивті сұхбатқа қолдау көрсету. Қазақстаннан қатысатын екі өкіл әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі туралы қазақстандық бастаманы баяндайтын болады. "Азаттық радиосы".
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.