[15.01.2009.] Стамбулда Ислам Конференциясына мүше мемлекеттер парламенттерінің спикерлері бас қосты
14:57
Стамбулда Ислам Конференциясына мүше мемлекеттер парламенттерінің спикерлері бас қосты
Кездесудің негізгі тақырыбы – Газа секторындағы ауыр ахуал. Ұйым аясындағы парламенттер одағы Израильдің Газаға шабуылын айыптап, декларация қабылдады. Бұл құжатта Палестина аумағында жүргізіліп жатқан операция әскери қылмысқа теңелген. Көксал Топтан, Түркия парламентінің спикері Израилдің агрессиясын біз қатаң айыптай отырып, Газадағы қарусыз халықты қыруды әскери қылмысқа теңейміз. Израиль халықаралық заң тыйым салған қарулармен талайды өлтіріп, мыңдаған адамды жаралады. Қаншама үй жермен-жексен болды?! Біздің талабымыз -жанжалды дереу тоқтатып, Израиль әскерін сектордан шығару. Жаңа түскен хабарға қарағанда, Газада қаза тапқандардың саны 1 мыңнан асып кеткен. Олардың жартысы - әйелдер мен балалар. Ал, Израиль 10 сарбазын жоғалтты. Дегенмен, ХАМАС еврей мемлекетінің оңтүстігін зымыранмен атқылауды тоқтатар емес. "Қазақстан РТРК"
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.