[16.01.2009.] Жұманың қасиеттері - 16 Января 2009 - Бала-Бүргемге қош келдіңіз
Жексенбі, 12.Ақпан.2012, 05:13
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
•  ОБЛЫСТАҒЫ БАСТЫ МӘСЕЛЕ - ДІН МАМАНДАРЫНЫҢ ТАПШЫЛЫҒЫ
•  Құрбан айт намазы
сауалнама
Қай облыстан боласыз?
Жауап берілді: 1778
 

Негізгі бет » 2009 » Қаңтар » 16 » [16.01.2009.] Жұманың қасиеттері


[16.01.2009.] Жұманың қасиеттері
20:45
nullМейірімді, Рахымды Аллаһтың атымен 
Жаратушы Аллаһ Тағала бізге Қасиетті Құрани Каримде бұйырды: 
"Ей, иман келтіргендер! Жұма күні жұма намазына азан шақырылса, Алланы еске алуға асығып, өздерің барыңдар. Сауданы тоқтата тұрыңдар. Біле-білсеңдер, сендер үшін осы жақсы" Жұма сүресі 9-аят. 
Осы аят арқылы Аллаһ Тағала бізге жұма күнінің қасиетін айтып отыр. Имам аль-Бухари өзінің "ас-Сахих" хадистерінің жинағында айтқан екен: "Жұма күнін қадір тұту осы "Жұма" сүресінде айтылған Аллаһтың бұйрығымен білінеді". Одан кейін ол кісі Абу Һурайраның жеткізген хадисін айтады: "Пайғамбарымыз айтқан: "Біз заманның соңғыларынанбыз, бірақ та оларға Кітап алғашқы берілген болса да, Қияметтің күні біз алғашқылар боламыз. Бұл олардың күндері еді, бірақ та олар бұл күн туралы талас-тартысқа беріліп кетті, одан кейін сол күнге жолды Жаратушы бізге көрсетті. Осы тұрғыдан адамдар біздің артымыздан жүреді: яһудилер (жұмадан) кейінгі күнді қадір тұтады, насаралар одан да кейнгі күнді". 
Имам Муслим өзінің "ас-Сахих" деген шын хадистер жинағында Хузайфадан жеткен хадисті айтады: 
«Пайғамбар айтқан: "Дәл осы жұма арқылы Аллаһ Тағала бізді басқалардан бөлді. Яһудилерге – сенбі, ал насараларға – жекссенбі. Жаратушымыз бізге қарап жұма күніне жол ашты. Сол сияқты, жұма, сенбі, жексенбі (ғибадат күндері). Дәл осы түрде яһудилер мен насаралар біздің артымыздан ереді. Біз – соңғы ел болсақта да, қияметтің күні есеп беретін ең алғашқылары боламыз" 
Солай екен, Жаратушымыз бізге осы қасиетті жұманы сыйға берген екен, жұма қасиетін біліп, қадір тұтқан кісіге көптеген жақсылықтарын береді. Пайғамбарымыздың Абу Һурайрадан жеткен хадисінде жұманың қасиетін білмеген кісі туралы ескерту жасайды. Пайғамбар өзінің ағаш мінберінде тұрып айтқан екен: "Аллаһқа ант! Не адамдар жұма намазын тастап қояды, не Аллаһ Тағала олардың жүректеріне мөр басып, түбінде олар өкініштілердің қатарында болады". Пайғамбарымыз басқа хадисінде айтады: "Кімде-кім себепсіз үш жұманы ізбе-із тастаса, ол екіжүзділерлің қатарына жазылып қойылады". 
Сондықтан, Пайғамбарымыздың әдетінде осы күнін жұма қадірлеп, басқа күндерден артықрақ көру екен және де осы күні ғибадатты артықрақ орындауды көздеген екен. Сол себептен де, бүгінгі күннің уағызын "Жұма күні: қадір-қасиеті және тәртібі" деп атадық, Аллаһ Тағала осы уағызда баршамызға пайдалы қылсын. 

Жұманың қасиеттері 
1. Жұма мұсылмандарға мейрам күні. 
Ибн Аббастан Пайғамбарымыздың сөзі жеткен: "Шындығында, Аллаһ Тағала осы күнді мұсылмандар үшін мейрам күні қылған. Жұма намазына келетін кісі толықтай жуынып келсін, әтір су тапса, себініп келсін және де мисуак қолданып келсін" 
2. Жұма күні басқа күндерден артықрақ. 
Абу Һурайрадан: Пайғамбар айтқан: "Кімде-кім толықтай жуынып, Аллаһтың бұйырғанындай намазын оқыса, үндемей отырып, құтпаны тыңдаса, онда оның өткен жұмамен осы жұманың арасындағы, оған қоса үш күннің күнәлары кешіріледі". 
3. Жұма күнгі тілек қабыл болады. 
Абу Һурайрадан: Пайғамбар айтты: "Жұма күні сондай бір сағат бар, мұсылман болған пенде Жаратушысынан не сұраса да, Аллаһ Тағала оған береді" 
4. Жұма күні Пайғамбарға салауат айтудың қасиеті. 
Аус бин Ауса ас-Сакафиден: Пайғамбар айтты: "Жұма күні – күндеріңнің ең хайырлысы. Маған сол күні көп салауат айтыңдар, себебі салауттарың маған жеткізіліп тұрады". 
5. Ақырзаман жұма күні болады. 
Абу Һурайрадан: Пайғамбар айтты: "Күн көтерілген күндердің хайырлысы – жұма күні: осы күні Адам жаратылған, осы күні ол жаннатқа кіргізілген, осы күні ол жаннаттан шығарылған, осы күні ақырзаман болады" 
6. Жұма күнгі таң намазының артықшылығы. 
Ибн Умардан: Пайғамбар айтты: "Аллаһтың алдындағы ең жақсы намаз – жұма күнгі жамағатпен бірге оқылған таң намазы" 
7. Жұма күнгі өлімнің артықшылығы 
Абдулла бин Амрадан: Пайғамбар айтты: "Жұма күні немесе жұма түні қайтыс болған мұсылманды Аллаһ Тағала қабір сынағынан сақтайды" 

Жұманың тәртібі 
1. Пайғамбарға көптеп салауат айту: 
Анастан: Пайғамбар айтты: "Жұма күні және түнінде маған көбірек салаат айтыңдар. Маған бір рет салауат айтқан кісіге Аллаһ Тағала рет қайыра салауат айтады" 
2. Толықтай жуыну (ғұсыл) 
Ибн Умардан: Пайғамбар айтты: "Қайсы біреулерің жұмаға келетін болса, толықтай жуынып келсін". 
3. Иіс су себіну, тіс тазалағыш (мисуак) қолдану. 
Абу Сағид аль-Худриден: Пайғамбар айтты: "Жұма күні толықтай шомылу әр-бір ержеткен мұсылман міндет, және тісін тазалап, табылған әтірін себіну" 
4. Жұмаға арнайы дайындалған киім кию 
Айшадан: Пайғамбар айтты: "Жағдайы жеткен кісі арнайы жұмаға дайындалған екі киімін кисін" 
5. Жұмаға ертерек келу. 
Абу Һурайрадан: Пайғамбар айтты: Жұма күні мешіттің есігінің алдында періштелер тұрып, жұмаға келген кісілерді жазып тұрады. Бірінші келгендерді – бірінші деп және с.с. Имам минбарға құтпа оқу үшін отырса, періштелер жазуын тоқтатып, Алланың сөзін тыңдауға келеді. Ерте келген кісі түйені құрбандыққа шалғандай болады, одан кейін келген кісі сиырды құрбандыққа шалғандай, одан кейін келген кісі мүйізді қошқарды, одан кейін келген кісі тауықты сойғандай болады, одан кейін келген кісі жұмыртқаны құдайы жолында бергендей болады" 
6. Мешітке жаяу бару. 
Ауса бин Ауса ас-Сакафиден: Пайғамбар айтты: "Кімде-кім жұма күні жұбайына ғұсыл құйындырып, өзі де ғұсыл құйынса, одан кейін жұмаға ертерек көлікпен емес жаяу барса, имамға жақынрақ отырып, үндемей, бос әңгімеге кіріспей, құтпаны тыңдаса – ол өзінің әр бір басып келген қадамына, бір жыл бойы күндіз ораза тұтып, түнде намаз оқығандай сауап алады" 
Абу Абстан: Мен бір күні жұмаға жайу келдім, Пайғамбардың айтқанын естідім: "Алланың жолында аяқ киімі шаң басқан кісіге Аллаһ Тағала тозаққа жандырмауды бұйырды" 
7. Мешітте отырған кісілерді итермелемеу, үстілерінен атап өтпеу. 
Салман Фариси және Абдулла бин Амрадан: Пайғамбар айтты: "Кімде-кім жұма күні толықтай жуынса, иіс суларын үстіне сепсе, әдемі киімдеріне киінсе, мешітке келіп адамдардың үстінен аттап жүрмесе, бос сөздерді сөйлемесе, онда оның өткен жұмамен сол жұманың арасындағы күнәлары кешіріледі. Ал, Кімде-кім бос сөйлеп, адамдардың үстінен аттаса, оған бесін намазының сауабы жазылады" 
8. Имамға жақынырақ орналасып отыру 
Самура бин Жундубтан: Пайғамбар айтты: "Аллаһты ұлықтайтын жерлерге келіңдер, имамға жақынырақ болыңдар, әйтпесе адам алыстай бергені соншалық болады, егер ол жаннатқа кірсе, оны тоқтатып қояды" 
9. Жұмадан алдын дөңгеленіп жиналып отырудан тыйылу. 
Абдулла бин Амрадан: Пайғамбар мешітте сатудан, сатып алудан, жоғалған нәрсесін жария етуден, өлеңдер оқудан және жұма күні дөңгеленіп жиналып отырудан тыйым салған. 
10. Мұсылман бауырын орнынан тұрғызып жіберуге болмайды. 
Жабирден: Пайғамбар айтты: "Орнына отырып алу үшін мұсылман бауырын тұрғызып жіберуге болмайды. Оның орнына: "Сығылысыңдар!" деп айтсын" 
11. Имам құтпа оқып тұрса да, мешітке сәлем намазан оқып алу. 
Жабирден: Пайғамбар айтты: "Егер біреулерің мешітке келсе, сол уақытта имам құтпа оқып тұрса, онда тезірек (мешітке сәлем ретінде) екі ракағат оқып алсын" 
12. Тыныштық сақтау, үндемей отыру. 
Абдулла бин Амрадан: Пайғамбар айтты: "Жұма намазында үш түрлі адам болады. Біріншісі, жұмаға қатысып, бос сөз сөйлеп отырады – осы оның намаздан үлесі. Екіншісі, жұмаға қатысып, Жаратушы Аллаһқа дұғамен өткізді, - Аллаһ Тағала қаласа, оған сұрағанын береді, әйтпесе басқаға береді. Үшіншісі, жұмаға қатысып отырып, тыныштықты сақтайды, үндемей отырады, адамдардың үстінен аттамайды, ешкімге кедергісін көрсетпейді – осындайларға өткен жұмамен сол жұманың арасындағы, оған қоса үш күндік күнәлары кешіріледі, себебі Аллаһ Тағала айтты: "Бір жақсылық қылған жан оның сауабын он есе көп көреді (Анғам сүресі, 160 аят)" 
13. Имам құтпа оқып тұрғанды аяқтарды құшақтап отырудан сақтану 
Анастан: Пайғамбар жұма күні имам құтпа оқып тұрғанда аяқтарды құшақтап отыруға тыйым салған. 
14. Имам құтпа оқығанда, имамға қарап отыру. 
Сабиттен: Пайғамбар минбарға тұрғанда, сахабалар Пайғамбарға қарап отыратын. 
15. Ұйқысы келсе, орнын өзгеру. 
Ибн Умардан: Пайғамбар айтты: "Қайсы біреулеріңді жұмада ұйқы қысса, орнын ауыстырып отырсын" 
16. Жұма күні "Каһф" сүресін оқу 
Абу Сағид аль-Худриден: Пайғамбар айтты: "Жұма күні "Каһф" сүресін оқыған кісіге келесі жұмаға дейін жарқырап тұратын нұр болады" 

Категориясы: Уағыз-насихат бөлімі | Көрілді: 1440 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 5.0/1 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 2
17.Қаңтар.2009
2. Muslim (ereke)
arb

[пікірдің сілтемесі]
16.Қаңтар.2009
1. Нәби (AL_Hanifiya)
Қасиетті Жұма мүбәрәк болсын! arb

[пікірдің сілтемесі]

Есімі*:
Email-ы:
WWW:
Сақтық коды *:


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2010 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Қаңтар 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: bola80, erkintursynbek

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: erkintursynbek

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3564
Осы ай ішінде: 23
Осы апта ішінде: 7
Кеше: 2
Бүгін: 0