Біздің ауыл жүз шақты отбасыдан тұратын таза қазақи ауыл болатын. Ынтымағы мен бірлігі жарасқан ауылдастар бір-біріне мүмкіндігінше қарайласып, дәстүр мен әдет-ғұрыпты берік ұстанатын еді. Кішкене ауыл болғанымен, жаз шыға бойдақ ағаларымыздың көпшілігі үйленіп, бойжеткен әпкелеріміз тұрмыс құрып, той тойлап, мәре-сәре болатынбыз. Осылайша той әлегімен ауыл адамдары қалай қара күздің келгенін де байқамай қалатын. Біз, балалар да әжелеріміз бен шешелеріміздің тойдан алып келген жылы-жұмсағы мен тәттілеріне әбден тоятынбыз. Бір қызығы, сол жаңадан отау құрғандардың ең болмаса, арасынан бірінің «ажырасып кетіпті» дегенін мүлдем естімей ержеттік. Меніңше, бұл сол кездегі қазақ ауылдарына, жалпы ұлытымызға тән құбылыс еді. Ал, ол кезде ерлі-зайыптылардың ажырасуы екі жақтың ата-анасы үшін де, әрбір отбасы мүшелері үшін де ұят саналатын. «Сенің ағаң айырылысып кетіпті ғой», «Әпкең үйіңе қайтып келген бе?» деген секілді сөздерді естуі ата-анасын былай қойғанда, отбасының есі кірген ұлына да, қызына да ауыр тиетін. Жалғасы мұнда....
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.