[17.01.2009.] Мектепте «Сіз кандай дін жолындасыз?» атты сауалнама жүргізіліді.
12:55
Бөтен ағымдардың бой алуына жол бермейік!
Алматы каласы Әуезов ауданы, білім бөлімі, аудан мектептерінде «Сіз кандай дін жолындасыз?» деген тақырыппен мектеп оқушылары және ата-аналары арасында сауалнама жүргізді. Бұл сауалнама нәтижесінде Қ.А.Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназиясында оқитын оқушылар және олардың ата-аналары 100 пайыз ислам дінін ұстанамыз деп жауап берді. Оқушылар мен ата-аналарымыздың қазіргі кездегі елімізде қаптаған миссионерлердің үгітімен таратылатын әртүрлі діни ұйымдар мен секталарға мойын бұрмай ислам дініне берік болуы қуанарлық жағдай. Бірақ бір айта кететін жайт, сауалнамада берілген: «Дін мен сектаның айырмашылығы не?» деген сұраққа оқушылар да ата-аналар да «білмеймін» деп , келесі «Мемлекеттік емес діни ұйымдардың ұйымдастырған жиын, мереке, уағыздарына көзқарасыңыз қандай?» деген сауалға «өз басым ондай ұйымдарға қарсымын» деп жауап берілген. Бұл жерде мектептерде, әсіресе қазақ мектептерінде білім мәселесімен қатар дін мәселесін де басты жолға қойып, имандылыққа шақыратын арнайы дінтану сабақтарын мектеп бағдарламасына енгізсе деген ұсыныс туады. Болашаққа қарқынды қадам жасап келе жатқан мемлекетіміздің керегесінің кең, босағасының берік болуы үшін ұлттық бірлігіміз бен қатар діни бірлігіміздің мықты болуы өте маңызды. Жүрегімізден ислам дініне ғана орын табылсын! Бөтен ағымдардың бой алуына жол бермейік! Мөлдір ЕРҒАЛИ.
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.