Түркия Газадағы адамзат трагедиясын аз да болса жеңілдету мақсатымен ынтасын жалғастыруда. Түрік Қызылайы тарапынан Палестинаға жолданған көмек жүк көліктерінің Хатайдың Рейханлы ауданындағы Жилвегөз шекара қақпасынан жолға шыққаны білдірілді. 20 трейлерлік көмек көліктері гуманитарлық мақсатты азық-түлік пен медициналық материал апаруда. Бүгінге дейін Жилвегөз шекара қақпасынан Палестинаға барлығы 38 трейлер көмек материалы жолданды, - деп хабарлайды Түрік телерадиосы.
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.