[22.01.2009.] ПАЛЕСТИНАЛЫҚТАРДЫ ҚОЛДАЙТЫН ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІ ҚҰРЫЛДЫ
20:33
ПАЛЕСТИНАЛЫҚТАРДЫ ҚОЛДАЙТЫН ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІ ҚҰРЫЛДЫ
Мәскеуде Палестина халқының күресін қолдау мақсатында үйлестіру кеңесі құрылды. Ресейдің геосаясат мәселелері академиясының президенті Леонид Иванов, «Завтра» газетінің бас редакторы Александр Проханов, Ресей Ислам комитетінің төрағасы Гейдар Жамал, «Әділетті Ресей» партиясының орталық кеңесінің өкілі Олег Денисов, Ресейдегі әскери исламтану одағы төрағасының орынбасары Валерий Муниров секілді белгілі тұлғалар кеңестің құрылуы туралы құжатқа қол қойды. «Дәл қазіргі таңда Палестина халқына нақты көмек, рухани тірек керек болып тұр. Олар бүкіл әлем-дік жаһанданудың әділетсіздігіне қарсы барша адамзаттың мүддесі үшін күресуде. Сондықтан да, палестиндіктердің күресі біздің де күресіміз. Газа аймағында оларға атылған әрбір оқ, снаряд, зымыран бізге де бағытталған деп санауымыз керек»,– деп жазылған кеңестің шешімінде. «Палестина халқы барша әлемге өзінің азаттығы жолында табандылықпен күресі және мұқалмас асыл арманымен үлгі болуда. Газа аймағы ХХI ғасырдың фашизміне қарсы тұрған өр өлке»,– деп сөздерін аяқтады кеңес мүшелері.
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.