Исламды қабылдаған даниялықтар саны күн сайын көбеюде. Жергілікті телеарнаның берген мағлұматына сүйенер болсақ, 2008 жылы Данияда бес мың азамат мұсылман болған. Бұл көрсеткіш 2007 жылға қарағанда екі есе жоғары. «Даниялық жаңа мұсылмандардың көпшілігі ер адамдар»,– деп хабарлайды шетелдік басылымдар. *** Биыл қаңтардың 16-19-ы аралығында Дохада (Қатар) мұсылман көшбасшыларының әлемдік III конференциясы өтті. Естеріңізге сала кетейік, мұсылман көшбасшыларының жаһандық алғашқы конференциясы америкалық мұсылмандардың қатысуымен 2004 жылы Нью-Йорк қаласында өткен еді. Ал, екінші рет 2006 жылы Копенгаген қаласында ұйымдастырылды. Ол Данияда Пайғамбарымызды (с.ғ.с.) келемеждеген суретке қатысты туған дау-дамайдан кейін солтүстік Америка мен Еуропа мұсылмандарының қатысуымен өткен болатын. Дайындаған К.ҚҰТТИЕВ.
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.