[24.01.2009.] Газа аймағындағы Қазақстан азаматтары елге оралды - 24 Января 2009 - Бала-Бүргемге қош келдіңіз
Жексенбі, 12.Ақпан.2012, 04:58
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
•  ОБЛЫСТАҒЫ БАСТЫ МӘСЕЛЕ - ДІН МАМАНДАРЫНЫҢ ТАПШЫЛЫҒЫ
•  Құрбан айт намазы
сауалнама
Сіз қайсы мазхабты ұстанасыз?
Жауап берілді: 952
 

Негізгі бет » 2009 » Қаңтар » 24 » [24.01.2009.] Газа аймағындағы Қазақстан азаматтары елге оралды


[24.01.2009.] Газа аймағындағы Қазақстан азаматтары елге оралды
12:34
nullГаза аймағындағы Қазақстан азаматтары елге оралды
Газа аймағынан эвакуацияланған қазақстандықтар елге келді. Олар мінген ұшақ таңғы сағат 8:30-да Алматы әуежайына келіп қонды. Онымен 16 адам, оның ішінде 4 әйел, 12 жас жеткіншек елге жеткізілді.
Құрманбек Жұмағали, тілші:
- 19 қаңтар күні Газа секторы аумағынан Ресей, Украина, Араб Әмірліктері және Қазақстан азаматтары эвакуацияланған болатын. Рейс бағыты: Газа аймағы-Мысыр, Мысыр-Түркия, Түркия-Алматы. Бүгін міне, таңғы сағат 8:30-да Алматы әуежайына 4 әйел және 12 бала ұшақпен келіп қонды.

22 күн бойы қанды қақтығысты көріп, елге орлағысы келген азаматтар бүгін міне, үйлерінде. Олардың айтуынша, соғыс кезінде барлық жолдар жауып тасталды. Тіпті, елшіліктің көмегінсіз ешқайда бара алмайсың,-дейді. Электр жарығы мен газ күніне екі сағат берілген. Күні-түні атыс-шабыс тоқтамаған, секунд сайын жарылыс. Газа аймағына оқ атқылау басталғалы Израильдегі Қазақстан елшілігі өз азаматтарын эвакуациялау жұмысын жүргізген. Оған дейін елшілік 25 қазақстандықты қайтарды.
nullАлександра Салям:
-Біз елшілік азаматтарына разымыз. Ерекше алғыс Мысырдағы және Түркиядағы елшілік қызметкерлеріне алғысымыз зор. Өте жақсы, әрі тез ұйымдастырды. Бізді қонақ үйге орналастырды.

Эвакуацияланған азаматтар: жедел шара ойдағыдай жүргізілгенін, Газадан елге оралу туралы өтініш берген әрбір қазақстандық азаматқа көмек көрсетілгенін айтады. Мысыр арқылы алып шығу жөніндегі келісімге қол қойылып, атыс-шабыс аяқталған соң ғана елге оралуға рұқсат етілді,-дейді Анна Тупилина. Ал, Алла Алхозундар, күйеуіне Қазақстан азаматтығын алуға рұқсат берілсе осында қалуды ойлап отырғандарын айтады. Газа аймағындағы әр 3-үй бомбаланған. 300 мектеп қираған,-дейді оралғандар. Газада қазақстандықтар әлі де бар. Көбі дәрігерлер мен медбике қызметінде жүргендер. Эвакуацияланған 4 әйелдің жұбайлары сол Газада дәрігер. Олар күйеулерін Қазақстанда күтетіндерін айтады. "Хабар агенттігі"

Категориясы: Еліміздің соңғы жаңалықтары | Көрілді: 1113 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0

Есімі*:
Email-ы:
WWW:
Сақтық коды *:


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2010 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Қаңтар 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: bola80, erkintursynbek

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: erkintursynbek

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3564
Осы ай ішінде: 23
Осы апта ішінде: 7
Кеше: 2
Бүгін: 0