[24.01.2009.] Мешітте асхана ашылды - 24 Января 2009 - Бала-Бүргемге қош келдіңіз
Сенбі, 11.Ақпан.2012, 22:50
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
•  ОБЛЫСТАҒЫ БАСТЫ МӘСЕЛЕ - ДІН МАМАНДАРЫНЫҢ ТАПШЫЛЫҒЫ
•  Құрбан айт намазы
сауалнама
Намаз оқуыңа не кедергі?
Жауап берілді: 806
 

Негізгі бет » 2009 » Қаңтар » 24 » [24.01.2009.] Мешітте асхана ашылды


[24.01.2009.] Мешітте асхана ашылды
23:05
nullМешітте халықтың құдайы ас беруіне және діни мерекелерді өткізуіне лайықталған асхана ашылды
Қызылордадағы "Ақмешіт" орталық мешітінде халықтың құдайы ас беруіне және діни мерекелерді өткізуіне лайықталған асхана пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұған дейін халықтың ас беру, құдайы жолын жасау рәсімдері мейрамханаларда өткізіліп келді. Бұның дін тұрғысынан алғанда бірнеше жағымсыз жақтары бар еді. Біріншіден, мейрамханада мұсылман һарамға қосқан арақ-шараптың ұсталатыны кәдік. Екіншіден, даяшылар мұндай рәсімдерге дайындықсыз, ашық-шашық, дәретсіз араласады. Үшіншіден, ол рәсім жасаушыға қаражат жағынан да қиындықтар тудыратын.
Облыс әкімдігінде қаңтардың 15-і күні өткен діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі комиссия отырысында комиссия төрағасы, облыс әкімінің орынбасары Мұрат Мұхамедов алдағы уақытта қала тұрғындарының өтініші бойынша бірқатар дәстүрлердің мешіт арқылы жүзеге асырылатынын айтқан болатын. Міне, енді іске қосылған "Ақмешіт" асханасы әлгі аталған қиындықтардың жолын кесіп отыр. Мұндағы даяшылар– мешіт тәлабалары. Аспазшылары да таза, намазы, дәреті бар кісілер. Сонымен бірге жұртшылық молданы да алыстан іздемейді. Әр орынның бағасы 400 теңгеге жетпейді. Ендеше, баға мейрамханадағыдан 2,5 есеге дейін арзанға түседі. Асханаға 250-280 кісі еркін сияды. Ыдыс-аяқтар мешіттің өзінен шығарылады.
Бұл жөнінде облыстың бас имамы Дайрабай Рысбай: "Бүгінге дейін осы жерде үш рет ас-құдайы рәсімі өткізілді. Бұл елге де, мешітке де тиімді. Онан түскен ақшаны біз өз балаларымыздың діни сауаттануына, басқа да мешіт мұқтаждықтарына жұмсаймыз. Демек, құдайы жолына аталған ақша теріс жаққа кетпейді, оның қайырымды іске жұмсалуы үлкен сауапқа ие. Таза жерде айтылған тілек те таза", - дейді. Яғни, бұл ізгі бастама мешіт қызметін пайдаланудың халық үшін қай жағынан да тиімді екенін көрсетеді. 
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат.
Категориясы: Еліміздің соңғы жаңалықтары | Көрілді: 1347 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 4
26.Қаңтар.2009
4. dinislam.kz (Dinislam_Kz)
Имамдарға күмәніңіз болса, барып өзіне ескертіңіз....
сыртынан ғайбат қылуға болмайды біреуді...... әлде мешітте ас жеуге болмайды ма?

[пікірдің сілтемесі]
26.Қаңтар.2009
3. Алмас (toalimbay)
значит по вашему вы доверяете любому кто "имам"?не смотря на вероубеждения?акида.инщалла Аллах воздаст им, но я ведь уточнял просто!

[пікірдің сілтемесі]
26.Қаңтар.2009
2. dinislam.kz (Dinislam_Kz)
Қазақша түсінбегеніңізге кім кінәлі?
ол "ас құдайы" (Бог еды) емес...."құдайы ас".... Қазақ Аллаһ ризалығы үшін берілетін асты "Құдайы ас" деп атаған, яғни Құдай үшін берілетін ас... Сонда сіздің ойыңызша мешіт имамдары аспанға қарап отырма? шірік келтіретін істерді істейді демекшісіз ба сонда...??????

[пікірдің сілтемесі]
26.Қаңтар.2009
1. Алмас (toalimbay)
ля хауля уа ля куатта илля билля!!!
почему посты стираете??? :o

[пікірдің сілтемесі]

Есімі*:
Email-ы:
WWW:
Сақтық коды *:


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2010 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Қаңтар 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: nakhan, bola80

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: bola80

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3563
Осы ай ішінде: 22
Осы апта ішінде: 6
Кеше: 1
Бүгін: 1