Қазақтың намысты бір азаматы ретінде жанымды жай тапқызбай жүрген өзекті мәселені қозғар алдында көз алдыма осыдан біраз жыл бұрынғы мына бір оқиға келді. Студенттік жастық шағым өткен Алматыдан Қостанайға келе жатқанда пойызда ерлі-зайыпты жас жұбайлармен бір купеде сапарлас болдым. Сондағы жас келіншек Сәуленің: «Аға, мынау ініңіз екеуміздің бармаған жеріміз, қаралмаған дәрігеріміз қалмады. Құдай бір бермесе, қиын екен. Он жылдан бері перзент сүйе алмай келеміз. Бәрінен де бұрын күйеуімді аяймын. Біреудің үйіне барсақ, кішкентай сәбилерді көрсе, еміреніп, олардың маңдайларынан сипап жатады. Әрине, әйел ретінде маған бұл сәтттерді көру өте ауыр. Жүрегім шаншып, қатты ауырады. Алайда, қолдан келер еш дәрмен жоқ. Оңашада көз жасыма ерік беріп, ішімдегі шерімді шығарамын. «Үмітсіз шайтан» демекші, бұл жолы да Алатаудың баурайындағы қалада емшіге қаралып келе жатырмыз. Әйтеуір, бір шарана көрсек деген арманымыз бар»,– деп сыр ағытқаны жадымда. Жалғасы мұнда...
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.