[25.01.2009.] «Ақ жол» халықты адастырып бітті! - 25 Января 2009 - Бала-Бүргемге қош келдіңіз
Жексенбі, 12.Ақпан.2012, 05:06
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
•  ОБЛЫСТАҒЫ БАСТЫ МӘСЕЛЕ - ДІН МАМАНДАРЫНЫҢ ТАПШЫЛЫҒЫ
•  Құрбан айт намазы
сауалнама
Намаз оқуыңа не кедергі?
Жауап берілді: 809
 

Негізгі бет » 2009 » Қаңтар » 25 » [25.01.2009.] «Ақ жол» халықты адастырып бітті!


[25.01.2009.] «Ақ жол» халықты адастырып бітті!
15:50
null«Ақ жол» халықты адастырып бітті!
Осыдан бірнеше күн бұрын (мақала 27.11.2008 жылы жарияланған) мешіттің Бас имамының атына хат келіп түсті. Хат иесінің аты-жөнін айтпай-ақ қояйық. Бізді қызықтырғаны оның мазмұны. Оқырманға түсінікті болуы үшін сол хаттан үзінді келтірсек, «Ынтымағымыз айрандай ұйыған отбасы едік. Бар пәле әйелімнің «Ақ жол» деген ордаға баруынан басталды. Ондағылар «сенің бойыңда қасиет бар, тегін адам емессің, Түркістандағы әулие-әмбиелерді аралап келуің керек» деп кеңес беріпті. Содан әйелім қояр да қоймай, Түркістанға бірге баруымды өтінді. Көңілім қаламаса да, жұбайымды жалғыз жібергім келмей, анамды ертіп Түркістанға аттандық. Осыдан соң, әйелім әулиеден-әулие аралауды әдетке айналдырып, әбден әбігерге түсті. Бұрынғыдай емес, өзгерді. Барған жерінде «ордаға барыңдар, пәленшенің мазарына барып тәуап етіп, құрбан шалып, батасын алмасаңдар, аруақ разы болмайды» деп адамдардың мазасын алатын болды. Аллаһқа құлшылық жасап жүрген анама «ғибадатың қабыл емес» деп тиісе бастады. Ал, менің сөзіме тіпті құлақ асудан қалды. Онымен қоймай, бес жасар қызымызды өзімен бірге мазар аралатып, қасынан екі елі тастамайтын әдет тапты. Сөйтіп, айрандай ұйыған отбасымыздың ойраны шықты. Сол себепті сіздерден осы ордашылардың ақ-қарасын айырып берулеріңізді өтініп, хат жазып отырмын» делінген.
nullСоңғы кездері елімізде «құдаймен қол алысқан» емшілер тобы көбейіп кетті. Әсіресе, сырқат жандарды Түркістан мен Арыстанбабқа аттандырып, жалған жанашырлықпен ақша табатындар қаптады. Олар «сенің бойыңа аруақ қонған, сондықтан науқастарды емдей аласың» деген байыпсыз білгірлікпен ақыл айтып, адамның сана-сезіміне, сенім-иманына селкеу түсіруде. «Ақ жол», «Ақ ана», «Ақ ұл» атауымен белгілі діни ұйымдардың аталар аруағымен «контакт» жасап, бабалардан бата алып «беруі» - соның дәлелі. Оның үстіне Аллаһты ұлықтап, мешітке барып, діни сауатын арттыруға аса құлық танытпайтын ағайын да «бәлен жерде емші бар» дегенді естісе, жарғақ құлағы жастыққа тимей соған жетуге асығады.
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадис-шәріпінде: «Бал ашқан және өзі үшін бал аштырған, сиқырлық жасаған және жасатқан адамдар біздің қауымнан деп саналмайды. Егер кімде-кім бал ашқызып, оның айтқандарына сенер болса, ол адам хазреті Мұхаммедке (с.а.с) түскен Құран кәрімді теріске шығарған болып есептеледі» делінген сөздер бар. Ал құранда Алла Тағала: «Қиямет күні (қашан болатыны) туралы Аллаһ ғана біледі. Жаңбырды жауғызатын да Аллаһ. Құрсақта не жатқаны да (оның кім болатыны да) Аллаһқа мәлім. Ертең не істейтінін, өзінің қай жерде өлетінін ешкім білмейді. Барлық істі біліп тұратын, бәрінен хабардар болып тұратын бір Аллаһ ғана» деп айтылады (Лұқман, 34). Ол аз болса , мына аятты оқыңыз: «Оның құзырында өзінің рұқсатынсыз шапағат жасайтын кім болмақ? Аллаһ олардың алдындағысын да, кейінгісін де біледі. Ал олар Аллаһтың білдіргенінен басқа ештеңені де сезбейді» (Аятүл күрсі) (Бақара, 225).
Аллаһтан басқа жарылқаушы жоқ екені хаһ. Ал Түркістандағы әулиелер мазарын аралап, жұрттың «жолын ашып» беріп жүргендер - Аллаһ сөзін мойындамағандар. Егер Құранға үңіліп, хадис құндылықтарын парақтар болса, мұндай надандыққа бармас еді.
Ел ішінде емші атанып, алдына келгенді жағдайына қарамай пәленше атаңның басына баруың керек, бағың байлаулы, аталардан бата алып, жолыңды ашып береміз деп, Түркістанға сүйреп, әулие аралатып, күнәға батырып жүргендердің мақсаты - ақша табу. Олар әулие аралауға шыққандарға міндетті түрде құрбандыққа мал союды жүктейді. Одан өзге - шелпек, қант, дастарқан мәзірі. 3 метр ақ мата, 1 метр белге байлайтын мата, 25 000 теңге ақша талап етеді. Сосын көліктерінің маңдайшасына «Ақ жол» деген жазуды іліп, жауға аттанған жауынгерлер секілді жолға шығады. Оңтүстік өңіріндегі барлық әулие-әмбиелерді тізбектеп, басына түнеп, солардан тілек тілеп, мал сойып, бейіттерге тәу етеді. Ал осы сапардан оралған адам (көбіне әйел заты) бірден өзгенің болашағын болжап, жорамал жасап, сырқаттарды емдеп, қараңғы халықты өздерінше «тазалай» бас-тайды. Енді осы ордашылардың айласын байқап көрер болсақ:
1. Сізді намазханға айналдырып, Аллаһтың бұйрығын орындаушы етіп көрсетеді (Бұл бет пердесі).
2. Тып-тыныш жүрген адамға аяқ астынан қасиет дарытып, емші қылады (Бұл желіктіргені).
3. Айтқанын орындатып, өзіне бағындырады (Бұл түпкі мәні).
Бұл - шайтанға құл болып, бұйрығын орындау деген сөз. Ал одан құтылудың жалғыз ғана жолы - Аллаһтың ілімін оқып-білу.
Исі мұсылман баласы әр тілегін тек Алладан сұрау керек. Пайғамбар, әулиелердің аруағын шақырып, оларға сыйыну - Аллаға серік қосқандық. Аллаһ Тағала Бақара сүресінің 186-аятында: «(Мұхаммед) Егер құлдарым, Мен туралы сенен сұраса мынаны жақсы білсін: «Мен оларға өте жақынмын, қашан Менен тілесе, тілеушінің тілегіне жауап беремін. Және маған сенсін. Сонда тура жол тапқан болар еді» делінген. Бұл туралы Мұхаммед (с.а.у.): «Егерде сұрағың келсе Аллаһтан сұра, жәрдемге шақырсаң - Аллаһқа қайырыл», - дейді (Имам Бұхари).
Ал жаңағыдай «Ақ жол» деген ордашылар тобы халықты ағартушылыққа емес, надандыққа жетелейді. Сондықтан мұндай топтардан сақ болған жөн.
«Аруақ» сөзі - араб тіліндегі рух кәлимасының көпше түрі. «Рух» бізде жан деген сөзбен аударылады. Демек, аруақ - жан, рух деген ұғымды білдіреді. Қасиетті құранда: «Әлбетте өліктер сөйлемейді. Ақиқатында сен өліктерге естірте алмайсың» делінген (Нәміл,80). Ендеше, біз ата-баба аруағын ұрандату арқылы оларға құрмет көрсете алмаймыз.
Кейінгі кезде көне шаһар Түркістанға «кіші Мекке» немесе «екінші Мекке» деген атауды қосып жүрміз. Бұл дұрыс емес. Өйткені Мекке - біреу. Оның екіншісі немесе үлкен-кішісі болмайды. Қажылық сапар тек Зуххижжа айында Меккедегі Аллаһ үйі болған Қағбаны тәуап етумен орындалады. Ол жағдайы жеткен мұсылман баласына өмірінде бір-ақ рет парыз етілген. Бұл үлкен қажылық деп аталса, басқа айларда барып тәуап ету кіші қажылық (умра) өтеген болып саналады. Сондықтан Түркістанның «түркі халқының рухани астанасы» деген атауы да жеткілікті.
Ислам ұғымында ата-ананың міндеті - баласын имандылыққа тәрбиелеу. Ол әкенің дұрыс ақылымен, ананың ақ сүтімен даруы қажет. Ал сана-сезімі әлі қалыптаса қоймаған талшыбықтай бүлдіршінге бейіт аралатудың еш қажеті жоқ. Бұл ойын жасындағы балаға кері әсерін тигізуі мүмкін. Оның үстіне Аллаһ алдында бала-шағасы мен жұбайы үшін жауапты - ер адам. Ал әйел заты еріне бойұсынып, оның ризашылығын алу - жәннатқа барумен пара-пар.
Пайғамбарымыздан (с.а.у.): «Қиямет күні қашан болады?» - деп сұрағанда: «Бір Аллаһтан басқа ешкім білмейді», - деп жауап берген екен. Аллаһтың сүйікті елшісі осылай жауап берсе, біздің аяқ асты әулиелігімізге жол болсын?! Аллаһтың бермеген қасиетін аталар арқылы «алып» беріп, дәрежесін аспандатып жүрген ақжолдықтар аңқау елге арамза молдаларды қаптатуда. Нәтижесінде адамның наным, сенімін улап, ерлі-зайыптылар арасына алауыздық отын жағып, баланы - әкеге, ананы - балаға қарсы қойып, бір-біріне ата жау етіп, рухани адастыруға түсіруде. Сол себепті отбасының шырқын бұзар мұндай ордашылар тобына сақтықпен қарау абзал. Сақтанып қана қоймай, олардың іс-әрекетіне заң жүзінде қатаң тыйым салу қажет.
Аллаһ Елшісі (с.а.у.) өз хадисінде: «Дінбұзарлыққа берілген, дінді теріс пайдаланған адам сол ниетінен әбден қайтып, оралмайынша Аллаһ оның тәубесін қабыл етпейді» дейді. Ендеше, жаратылған мақұлықтан емес, он сегіз мың ғаламды жоқтан бар еткен Жаратқан Хақ Жаббардан тілейік!
Төлеби ОСПАН. «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы. Ақпарат көзі...
Категориясы: Өзекті мәселе.... | Көрілді: 1455 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0

Есімі*:
Email-ы:
WWW:
Сақтық коды *:


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2010 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Қаңтар 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: bola80, erkintursynbek

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: erkintursynbek

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3564
Осы ай ішінде: 23
Осы апта ішінде: 7
Кеше: 2
Бүгін: 0