[26.01.2009.] Қоғамдық ұйымдар БИ-БИ-СИ телеарнасын қоршауға алды
22:19
Глазгода қоғамдық ұйымдар БИ-БИ-СИ телеарнасын қоршауға алды
БИ-БИ-СИ телеарнасының Глазго қаласында орналасқан кеңсесін адам құқықтарын қорғау ұйымдарының мүшелері басып алды. Олар - телеарна басшылығы ұстанып отырған саясатқа наразы. Осыдан бірнеше күн бұрын, Израиль шабуылдарынан зардап шеккен Газа секторына көмек көрсету туралы жасалған арнайы бейнероликті БИ-Би-Си арнасы көрсетуден бас тартты.
Корпорация басшылығының айтуынша, халықаралық қарым-қатынастарда бұқаралық ақпарат әрдайым бейтарап ұстанымда болуы керек. Сондықтан олар, Таяу Шығыс мәселесінде біржақты көзқарас ұстанғаны жөнсіз, - дейді. Ал, әлемдегі ең ірі арнаның бұл шешімін бейбіт өмірдің жақтастары сынға алды. Қазір ғана белгілі болғандай, наразылық акциялары БИ-БИ-СИ-дің Лондондағы кеңсесінің алдында да ұйымдастырылып жатыр."Қазақстан РТРК"
BBC zhalghyz olay zhasap otyrghan zhoq eken, zhaqynda Sky Networks degen alip Informaciyalik kompaniya da solay dep Israil'ge qarsy eshtene korsetpedi.
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.