Барак Хусейн Обама Гуантанамо түрмесін жабу туралы заңға қол қойды деп, - хабарлайды "Ислам для вcех" сайты. Осы жылдың аяғына дейін аталмыш АҚШ тың Гуантанамо базасында орналасқан түрмесі жабылатын болды. Бұл жөнінде Ақ үйдің ресми өкілі Роберт Гиббс хабарлады. Барак Хусейн Обама сайлаудан алдын берген уәделерінің бірі аталмыш Гуантанамо түрмесін жабу болатын. Демек АҚШтың жаңа президенті берген уәделерін орындауға кіріскен көрінеді.
Сонымен қатар, жақын арада АҚШ-тың шет жақтарында орналасқан Орталық барлау басқармасының түрмелері жабылуы мүмкін. Алдағы 30 күннің ішінде ел үкіметі 250-ге жуық заң бұзушыларды басқа жерлерге ауыстыру туралы шешім қабылдауы қажет. Сарапшылардың болжауынша, жазасын өтеп жатқандардың бір бөлігі Европаның бірқатар елдеріне көшірілуі, ал екіншілері АҚШ-тың ішіндегі түрмелерінде қалуы мүмкін деп, - хабарлайды "Қазақстан РТРК"
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.