[27.01.2009.] Барак Обама араб тілді "Al Arabia" телеарнасына сұхбат берді
14:13
Обама инаугурациядан кейін шетелдік аудитория үшін алғашқы сұхбатын берді
АҚШ президенті Барак Обама кеше араб тілді Al Arabia жаңалықтар телеарнасына сұхбат берді, бұл Обаманың инаугурация рәсімінен кейін шетелдік аудиторияға беріп отырған алғашқы сұхбаты, деп хабарлайды ҚазАқпарат «РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап. Ақ үй өкілдерінің хабарлауынша, Обама сұхбатында мұсылман елдерімен жаңа серіктестікке өз әкімшілігінің бастамашы болуға әзір екенін қуаттап, Израильдің «АҚШ-тың берік одақтасы» болып қала беретінін атап көрсеткен. ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат.
Тәулік бойы ақпарат тарататын «әл-Арабия» телеарнасы Дубаида орналасқан. Оның Таяу Шығыс аймағындағы көрермендері 23 миллион адамды құрайды.
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.