[28.01.2009.] Нұрсұлтан Назарбаев: Әлемге ортақ валюта керек - 28 Января 2009 - Бала-Бүргемге қош келдіңіз
Жексенбі, 12.Ақпан.2012, 05:15
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
•  ОБЛЫСТАҒЫ БАСТЫ МӘСЕЛЕ - ДІН МАМАНДАРЫНЫҢ ТАПШЫЛЫҒЫ
•  Құрбан айт намазы
сауалнама
Қай облыстан боласыз?
Жауап берілді: 1778
 

Негізгі бет » 2009 » Қаңтар » 28 » [28.01.2009.] Нұрсұлтан Назарбаев: Әлемге ортақ валюта керек


[28.01.2009.] Нұрсұлтан Назарбаев: Әлемге ортақ валюта керек
12:47
nullҚазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әлем елдеріне аймақтық валютаның орнына ортақ әлемдік валюта жасауды қажет деп санайды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Үндістанға жасаған сапары барысында екі ел кәсіпкерлерінің бизнес-форумында мәлімдеді.
Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзіне қарағанда, қазір әлем елдері экономикалық дағдарысты бастан кешуде және одан кейін әлем қалай болатындығы туралы нақты жауап жоқ. Оның жауабы да бұрынғыдай болмайды. Қазір көп елдерде аймақтық валюта жайы жиі сөз болады. Оның ішінде, Латын Америкасы, Араб елдерінде, ТМД ауқымында да сондай пікірлер бар.
Қазақстан Президентінің ойынша, егер әлем осылай аймақтық жіктелу жолымен жүрсе, «бізді үлкен хаос күтіп тұр». «Менің ойымша, болашақта қазіргідей бір эмитенті ғана болмайтын, мейлінше әділетті әлемдік валютаға қол жеткізу шарасы керек». Президенттің айтуынша, әлемдік валюта БҰҰ-да қабылданып, соған сәйкес комиссиялар бақылауында болуы тиіс.
Бизнес-форумда сонымен бірге Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан тарапының бірлесіп жүзеге асыруды көздейтін нақты жобалары мен ұсыныстары бар екендігін атап өтіп, Үндістан экономикасының көшбасшыларын Қазақстанға инвестиция салуға шақырды. Қазақстан Президенті Үндістанның Республика күні мерекесіне құрметті қонақ ретінде де қатысуда. Бір қызығы: Үндістанда мерекені тойлау кезінде шетелдік бір елдің президентін немесе премьер-министрін «басты қонақ» ретінде шақыру дәстүрі қалыптасыпты. Биыл құрметті қонақ ретінде Қазақстан Президенті шақырылған.
Мемлекет басшысы жұмыс сапары барысында Үндістан президенті Пратибха Девисингпен және сыртқы істер министрі Пранаб Мукхерджимен де келіссөздер жүргізді. Оның қорытындысы бойынша Қазақстан мен Үндістан арасында бірқатар құжаттарға, атап айтқанда, Бірлескен Декларацияға, Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі жөніндегі хаттамаға, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы мен Үндістанның ONGC Mіttal Energy Ltd. компаниясы арасындағы келісімге, «Қазақатомөнеркәсібі» Ұлттық атом компаниясы мен Үндістанның Nuclear Power Corporatіon of Іndіa Ltd. корпорациясы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Нұрсұлтан Назарбаев Үндістан президентімен және үкімет мүшелерімен болған келіссөздер мен қол қойылған құжаттар екі елдің өзара қарым-қатынасын стратегиялық әріптестік деңгейіне көтеріп отырғанын атап өтті.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы өзінің «Сындарлы он жыл» және «Қазақстан жолы» кітаптарының хинди тіліндегі нұсқасының тұсаукесер рәсіміне қатысты. Осыдан соң Қазақстан Президентінің Үндістанның вице-президенті Хамид Ансаримен, үнді оппозициясының жетекшісі Л.Кришна Адванимен, «Біріккен прогрессивті альянс» басқарушы коалициясының төрайымы Соня Гандимен және бір топ жетекші үнді кәсіпкерлерімен кездесуі болды.
Назарбаевтың Үндістанға сапары кезінде жүргізілген Қазақстан–Үндістан келісімдері халықаралық қауіпсіздік пен терроризм, энергетикалық қауіпсіздік және Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселелерін қамтыған. www.aikyn.kz
Категориясы: Еліміздің соңғы жаңалықтары | Көрілді: 1547 | Ендірген: AL_Hanifiya | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0

Есімі*:
Email-ы:
WWW:
Сақтық коды *:


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2010 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Қаңтар 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: bola80, erkintursynbek

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: erkintursynbek

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3564
Осы ай ішінде: 23
Осы апта ішінде: 7
Кеше: 2
Бүгін: 0