[30.01.2009.] Дін мен астрономияның байланысы - 30 Января 2009 - Бала-Бүргемге қош келдіңіз
Сенбі, 11.Ақпан.2012, 22:59
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
•  ОБЛЫСТАҒЫ БАСТЫ МӘСЕЛЕ - ДІН МАМАНДАРЫНЫҢ ТАПШЫЛЫҒЫ
•  Құрбан айт намазы
сауалнама
Қанша уақыт намаз оқисыз?
Жауап берілді: 608
 

Негізгі бет » 2009 » Қаңтар » 30 » [30.01.2009.] Дін мен астрономияның байланысы


[30.01.2009.] Дін мен астрономияның байланысы
16:34
nullДін мен астрономияның байланысы
Жұмақ дегеніміз - діни ұғым болса, планеталар мен жұлдыздар астрономиялық денелер деп есептеледі. Біздің ғылыми заманымызда дін мен астрономияның ортақ негізі аз болып көрінетін сияқты. Алайда тарихқа көз жүгіртсек, керісінше бұл екі саланың бір-біріне жақындығы байқалады. Әлемнің жаратылуы Інжілде “Басында Құдай аспан мен жерді жаратты” деп сипатталады. Құранда да Алла “жер мен көктің Жаратушысы” делінген.
Адамзат баласының Құдай жөніндегі ізденістері әрдайым ғарышты зерттеулеріне алып келген. Онда дін жолының мұсылман астрономдары мен кейінірек еуропалық христиандарды планеталар мен жұлдыздарды зерттеу арқылы ғылыми ақиқатты ашуына алып келгендігі кездейсоқтық емес болар. 
Құдайға деген сенім мен түсініктің, дін мен ғылымның байланыстарына ғалымдардың Париждегі жиынында аса назар аударылмаған да сияқты. Олар БҰҰ-ның Халықаралық астрономия жылын ашу үшін қаңтардың 15-16-сы аралығында Франция астанасында жиналған болатын. 
Бірақ Римнің оңтүстігіндегі Ватиканның астрономия орталығында ғылыммен айналысатын танымал АҚШ астрономы иезуит Гай Консолмагно адамзаттың ғылыми шындық туралы ізденістері оның Құдай жөніндегі түсінігімен байланысты дейді. 
“Джон Інжілді “Басында сөз болған” деп бастайды. Ал сөз дегеннің өзі грек тілінде логос, яғни логика дегенді білдіреді. Сол кездегі грек философтары үшін сөз үлкен маңызға ие болатын себебі ол- себеп пен логиканы білдіретін. Інжілге сәйкес, басында логика мен себеп және ғарыш заңдары болған делінеді. Олар Құдаймен болған”, - дейді Консолмагно.
Сонымен Құдай туралы ізденістері жолында адамзат ғылыми ақиқат үшін зерттеулерін бастаған. 
Ерте замандағы Персия мен Үндістан және Греция әлемнің алғашқы астрономиялық жаңалықтарын ашқан. Грек тілінде жазған Рим Птоломейі Жер - дүниенің орталығы боп табылады және оны күн мен планеталар және жұлдыздар айналады деп сенген. Оның теориясы 16-шы ғасырға дейін жалғасқан. Алайда поляк Коперник Рим католиктерінің теориясына қарсы болып, күннің - күн жүйесінің орталығы екендігін дәлелдеген. 
Коперниктің теориясын кейінірек телескопты дамытқан италияндық ғалым Галилео Галилей растаған. Әрине, Астрономия жылы Галилеоның 1609 жылы ашқан жаңалықтарының 400 жылдығына арналып отыр. Ватикан билігі сол кезде үстемдік еткен дінге өзінің ғылыми жаңалығымен қарсы шыққан Галилеоны түрмеге жапқан болатын. 
Галилеодан кейін 18-ші ғасырда Еуропада ғылыми даму дәуірі басталды. Бірақ Птоломей мен Галилео кезеңі аралығындағы шамамен 1,500 жыл ішінде ислам астрономиясының “Алтын дәуірі” болған. Онда тек жұлдыздарға қатысты ғылыми зерттеулер жүргізілген. 
Сонымен қатар, ежелгі грек жұмыстарының мәтіндерін араб тіліне аударған мұсылман астрономдарының Еуропаның “қайта өркендеу дәуірі” мен ғылыми дамуына негізгі түрткі болғандығына дәлелдер бар.
Құран мұсылмандарды жұлдыздардың қозғалысына қарап, ақиқатты түсінуге шақырады. Сондай-ақ бұл қасиетті кітапта бүкіл ғарыштағы құбылыстарды бір Алла басқарады делінген. Ал Інжіл болса жаратылыстың артында логика мен себептің барлығын түсіндіреді.
Алғашқы мұсылман астрономдары жұлдыздарды зерттеп, жаңа Ислам күнтізбесін дамытады. Күніне бес рет намаз оқуы тиіс мұсылман ғалымдары, сондай-ақ, кез келген жерден Меккенің орналасқан жерін анықтау үшін математикалық жолдарды табуға мәжбүр еді. 
Бағдадтан Самарқандқа дейінгі, Әл-Андалустан Стамбулға дейінгі мықты мұсылман астрономдары бүкіл әлемге танымал болған. 
Ливанда дүниеге келген Джордж Салиба Нью-Йорктегі Колумбия университетінде тарихтан дәріс оқиды. “Ислам ғылымы мен Еуропаның қайта өркендеу дәуірі” деп аталатын соңғы кітабында Салиба Исламның “алтын дәуірі” мен Еуропаның ғылыми даму дәуірінің арасында байланыстардың барлығын жазады. 
“Ислам мен ислам өркениеті астрономияның өзге де ғылыми сала сияқты физикалық құбылыстың математикалық тілмен түсіндіру қажеттілігін көрсетті. Исламда бұл өте маңызды”. www.azattyq.org

Категориясы: Уағыз-насихат бөлімі | Көрілді: 2017 | Ендірген: AL_Hanifiya | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0

Есімі*:
Email-ы:
WWW:
Сақтық коды *:


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2010 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Қаңтар 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: nakhan, bola80

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: bola80

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3563
Осы ай ішінде: 22
Осы апта ішінде: 6
Кеше: 1
Бүгін: 1