[30.01.2009.] «Бәтеңке» батырына ескерткіш орнатылды - 30 Января 2009 - Бала-Бүргемге қош келдіңіз
Сенбі, 11.Ақпан.2012, 22:32
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
•  ОБЛЫСТАҒЫ БАСТЫ МӘСЕЛЕ - ДІН МАМАНДАРЫНЫҢ ТАПШЫЛЫҒЫ
•  Құрбан айт намазы
сауалнама
Намаз оқуыңа не кедергі?
Жауап берілді: 806
 

Негізгі бет » 2009 » Қаңтар » 30 » [30.01.2009.] «Бәтеңке» батырына ескерткіш орнатылды


[30.01.2009.] «Бәтеңке» батырына ескерткіш орнатылды
16:51
null«Бәтеңке» батырына ескерткіш орнатылды
Өткен жылы Бағдадта өткен баспасөз мәслихатында АҚШ-тың сол кездегі президенті Джордж Бушқа бәтеңкелерін лақтырған журналист Мұнтазер әз-Зейдиға құрмет ретінде ирактықтар қоладан ескерткіш тұрғызып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат «РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап. 
Тикритте қайырымдылық қорларының бірінің бағында биіктігі 3 метрлік ескерткіш орнатылған. Ескерткіштің іргетасындағы тақтайшаға журналисті мадақтаған өлең жолдары жазылған. «Бұл Ирак халқы мақтан тұтатын Мұнтазер әз-Зейдидің отбасына жасалып отырған сыйлық», - деді ескерткіштің ашылу салтанатына қатысушылардың бірі. 
Әлемді шулатқан «бәтеңке лақтыру» оқиғасы Бағдадта Джордж Буш пен Ирак премьері Нури әл-Маликидің бірлескен баспасөз мәслихаты кезінде орын алғанын ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлаған болатын. «Әл-Бағдадия» телеарнасының 29 жастағы тілшісі Мунтазер аз-Зейди Бушқа бәтеңкесін лақтырып тұрып, «Мынау саған жетім-жесірлерден, Иракта өлтірілгендерден қоштасу сәлемдеме» деп айқайлаған болатын. Журналист оқиға орнында қамауға алынды, қазір ол абақтыда. 
Әз-Зейди шет мемлекеттің басшысына шабуыл жасағаны үшін айыпталып отыр. Сот оны кінәлі деп таныған жағдайда, журналисті 15 жылға дейін қамау күтіп тұр.
Журналисті қорғауға 100-ден астам араб және басқа да елдердің адвокаттары ниет білдіруде. Өз қызметін ұсынғандардың қатарында Ирактың экс-президенті Саддам Хусейннің бұрынғы адвокаттарының бірі Халил әд-Дулейми де бар.  
БАҒДАД. ҚазАқпарат. 
Категориясы: Әлем жаңалықтары | Көрілді: 1522 | Ендірген: AL_Hanifiya | Рейтингі: 5.0/1 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 7
31.Қаңтар.2009
7. Муслим (Муслим)
Ескетркіш? Мүсін ескерткіш па? Құдай сақтасын! Егер мүсін болса, қалайша олар Аллаһтан аманшылық тілемек? Қалайша қауіпсіздік күтпек?
Аллаһ Тағала мұсылмандарға қауіпсіздікті қашан береді? Иман келтіріп, имандарын ширкке былғамаса, сонда беретінін айтпай ма (6:82)?
Ал адамдар болса, кішкене бір жақсылық сезсе, шүкірлік қылып таухидтарын арттырудың орнына, күпірлік қылып ширкке ұмтылады. Сол ма Аллаһқа деген алғыстары? Мұсылмандарға жеңіс берілмей жатқаны осында! Ширкке былғанып жатыр! Осыны бауырларымызға түсіндіре жүруіміз керек, бауырлар!
Мұсылмандардың имандары қашан ширктен тазарса, Аллаһ Тағала жеңісті сонда береді.

[пікірдің сілтемесі]
31.Қаңтар.2009
6. BEREKET (HAMZA)
arb

[пікірдің сілтемесі]
31.Қаңтар.2009
5. dinislam.kz (Dinislam_Kz)
Батырлар ғасыры басталды білем, Ердоғанда батыр.... Еврей президентіне қарсы сөйлеп, оның жақтастарына да қарсы сөйлеп орнынан тұрып залды тастап шығып кету де батырлық қой.... Аллаһ разы болсын ол кісіге.

[пікірдің сілтемесі]
31.Қаңтар.2009
4. Kainar Ilyassov (kainarilyass)
:D Қалай десекте ол жігіт батыр екен.

[пікірдің сілтемесі]
30.Қаңтар.2009
3. Жанболат (janbolat)
өз халқын ойлаған адамды қамауға алып жатса бұл не сұмдық...

[пікірдің сілтемесі]
30.Қаңтар.2009
2. Нәби (AL_Hanifiya)
«бәтеңке лақтыру» оқиғасы қызық болған :) !
Журналист 15 жылға қамауға кетсе өкінішті :( !

[пікірдің сілтемесі]
30.Қаңтар.2009
1. dinislam.kz (Dinislam_Kz)
:D

[пікірдің сілтемесі]

Есімі*:
Email-ы:
WWW:
Сақтық коды *:


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2010 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Қаңтар 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: nakhan, bola80

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: bola80

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3563
Осы ай ішінде: 22
Осы апта ішінде: 6
Кеше: 1
Бүгін: 1