[30.01.2009.] Давос форумында Түрік премьері мен Израиль президенті сөзге келіп қалды - 30 Января 2009 - Бала-Бүргемге қош келдіңіз
Жексенбі, 12.Ақпан.2012, 05:15
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
•  ОБЛЫСТАҒЫ БАСТЫ МӘСЕЛЕ - ДІН МАМАНДАРЫНЫҢ ТАПШЫЛЫҒЫ
•  Құрбан айт намазы
сауалнама
Намаз оқуыңа не кедергі?
Жауап берілді: 809
 

Негізгі бет » 2009 » Қаңтар » 30 » [30.01.2009.] Давос форумында Түрік премьері мен Израиль президенті сөзге келіп қалды


[30.01.2009.] Давос форумында Түрік премьері мен Израиль президенті сөзге келіп қалды
16:53
nullДавос форумында Түрік премьері мен Израиль президенті сөзге келіп қалды
Давоста өтіп жатқан Дүниежүзілік экономикалық форум мәжілісінде Түркия премьер-министрі Режеп Ердоған мен Израиль президенті Шимон Перестің арасында қызу және эмоциялық әңгіме орын алды, деп хабарлайды Associated Press агенттігі. 
Оқиға жақында Газа секторында аяқталған қақтығыстағы Израильдің ұстанымын қорғап 25 минут бойы сөз сөйлеген Шимон Перестің баяндамасынан кейін орын алған. Израиль президентінің сөзінен кейін Түркия премьері жауап сөз алып, бірақ оның уақытын сессия төрағасы 1 минутпен шектейді. «Жиналған қауымның осы бір баяндамаға қол соққанын өте күйінетін факті деп санаймын. Ол соғыста көп адам қаза тапты», деп бастаған Т.Ердоғанның сөзін сессия төрағасы бөліп, жарыссөзге уақыт жоқ екенін, қатысушылардың кешкі асқа барулары керек екенін айтады. «Рахмет. Менің сөзім осымен аяқталады. Давосқа енді келмеймін», деген түрік премьері, мәжіліс залын тастап шығып кетеді. 
null
Форумға қатысқан журналистер, әдетте өте сабырлы және салмақты кісі болып табылатын түрік премьерінің бұл әрекеті Израильдің Газа секторындағы операциясының төңірегінде қалыптасқан жағдайдың күрделі эмоциялық ахуалын көрсетсе керек деп отыр.
Естеріңізге сала кетейік, Израильдің Газа секторына жасаған әскери операциясы барысында, Адам құқығын қорғаудың палестиналық орталығының мәліметтері бойынша, 1,3 мыңдай адам қаза тапқан, олардың жартысынан астам бейбіт халық. Ал Израиль тарапынан 13 адам мерт болған, олардың үшеуі – бейбіт адам. 
ДАВОС. ҚазАқпарат.
Категориясы: Әлем жаңалықтары | Көрілді: 1139 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 10.0/1 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 4
31.Қаңтар.2009
4. BEREKET (HAMZA)
Ербоганды бірінші болып қолдап, қол шапалақтаған және ол кетіп бара жатырған кезде қолын алып құттықтаған кім? Кім болса да оған үлкен-үлкен АЛҒЫС!

[пікірдің сілтемесі]
30.Қаңтар.2009
3. Жанболат (janbolat)
http://www.youtube.com/watch?v=skoP0Wm0Y60

tevrat: "oldurmeyeceksiniz..."


[пікірдің сілтемесі]
30.Қаңтар.2009
2. Жанболат (janbolat)
израиль президентін бірінші рет көріп тұрмын

[пікірдің сілтемесі]
30.Қаңтар.2009
1. Нәби (AL_Hanifiya)
Мұсылман премьерді қолдайтын адам табылмағаны өкінішті!

[пікірдің сілтемесі]

Есімі*:
Email-ы:
WWW:
Сақтық коды *:


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2010 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Қаңтар 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: bola80, erkintursynbek

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: erkintursynbek

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3564
Осы ай ішінде: 23
Осы апта ішінде: 7
Кеше: 2
Бүгін: 0