[30.01.2009.] Кришнаит әуежайдан кері қайтарылды - 30 Января 2009 - Бала-Бүргемге қош келдіңіз
Жексенбі, 12.Ақпан.2012, 05:11
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
•  ОБЛЫСТАҒЫ БАСТЫ МӘСЕЛЕ - ДІН МАМАНДАРЫНЫҢ ТАПШЫЛЫҒЫ
•  Құрбан айт намазы
сауалнама
Сіз қайсы мазхабты ұстанасыз?
Жауап берілді: 952
 

Негізгі бет » 2009 » Қаңтар » 30 » [30.01.2009.] Кришнаит әуежайдан кері қайтарылды


[30.01.2009.] Кришнаит әуежайдан кері қайтарылды
17:02
nullКришнаит әуежайдан кері қайтарылды
Соңғы уақытта Қазақстанға алуан түрлі діни ұйымдар мен бірлестіктердің өкілдері әуес болып кетті. Мысалы, күні кеше халықаралық Алматы әуежайындағы шекара қызметінің қызметкерлері Мәскеуден Алматыға ұшып келген «Кришна санасының қоғамы» бірлестігінің өкілі Говинда Свамиді келген «ізімен» Мәскеуге кері қайтарды. 
Осы оқиға туралы бізге келіп түскен ақпаратқа жүгінсек, АҚШ азаматы Говинда Свами 27 қаңтар күні таңертеңгілік «Мәскеу – Алматы» бағытындағы ұшақпен Алматы әуежайына ұшып келген көрінеді. Оның қолында жарамды құжаты мен Қазақстанға келуге берілген рұқсаты болған. Алайда әлгі пақырдың ақтаушысының айтуынша, біздің шекарашы сарбаздарымыз оның келу мақсатынан бір «ілік» тапты ма қайдам, оны Алматы әуежайында 12 сағат оқшаулап, одан соң Мәскеу ұшағына билет алғызып, оны кезекті рейспен Мәскеуге кері қайтарды. Әсілінде, көлденең көк аттының Қазақстаннан кеткеніне толық көз жеткізгісі келген болса керек, біздің шекарашы жігіттер әлгі кришнаиттың төлқұжатын ұшақ Мәскеудің Шереметьево әуежайына қонған соң ғана қолына ұстатыпты. Бұл да болса, сақтық шарасына байланысты болса керек. Мұндай шараны ҚР Әділет министрлігіне қарасты Дін істері жөніндегі комитетінің Г.Сваманы Қазақстанға кіргізбеу туралы шешіміне сәйкес қолға алып, Ақтөбе облыстық көші-қон полициясы жүзеге асырып отыр. Ал бұған наразылық білдірген «Кришна санасының қоғамы» бірлестігінің басшылығы осындай маңызды шешімге мұрындық болған Ақтөбе облысының билігін айыпты деп тауып, оларды сотқа бермекші. 
P.S. Бұған дейін «Айқын» газеті Алматы облысы Қарасай аудандық әкімшілігінің шешімімен дәл осы «Кришна санасының қоғамы» бірлестігінің осы аудандағы саяжай аумағына заңсыз салып алған 26 үйін қиратқанын жазған болатын. Сондай-ақ дәл осы бірлестіктің заңсыз иемденіп алған 47 гектар жері сот шешімі бойынша мемлекетке қайтарылды.
http://www.aikyn.kz
Категориясы: Еліміздің соңғы жаңалықтары | Көрілді: 1370 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 4
31.Қаңтар.2009
4. BEREKET (HAMZA)
қайдағы, сендер білмейсіңдер ғой(өйткені, мен олармен тікелей араласамын)..........олар деген Қазақстанда өте көөөөөөөп.............тооооооолпа, бізге тек шамалы жерін ғана көрсетіп жатыр, әйтпесе олар деген өте көп және өте қауіпті..........Оларды құртантын бір-ақ жол бар - Исламды жаю керек, сол ғана төтеп бере алады, қалғанының бәрі далбаса.

[пікірдің сілтемесі]
30.Қаңтар.2009
3. Мөлдір Ерғалиқызы (YergaliMoldir)
ҚР Әділет министрлігі,
Дін істері жөніндегі комитеті, Ақтөбе облыстық көші-қон полициясы jaraisyng arb

[пікірдің сілтемесі]
30.Қаңтар.2009
2. Мөлдір Ерғалиқызы (YergaliMoldir)
«Кришна санасының қоғамы» бірлестігінің басшылығында Говинда Свамидін ізімен жіберсе болар еді....

[пікірдің сілтемесі]
30.Қаңтар.2009
1. Нәби (AL_Hanifiya)
ҚР Әділет министрлігі arb

[пікірдің сілтемесі]

Есімі*:
Email-ы:
WWW:
Сақтық коды *:


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2010 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Қаңтар 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: bola80, erkintursynbek

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: erkintursynbek

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3564
Осы ай ішінде: 23
Осы апта ішінде: 7
Кеше: 2
Бүгін: 0