Израиль елбасы Перездің Бас министр Ердоганға телефон соғып, кешірім сұрағаны хабарланды.
Арап Одағы бас хатшысы «Ердоган дұрыс айтты» деді. Израиль елбасы Перездің Давостағы Газа жиналысында дипломатиялық қағидаларды аяққа таптауы, даусын көтеруі және сөз кезегі берілмеген Ердоганның жиналыстан шығып кетуіне орай келіспеушілік артты. Бас министр Ердоган «Перез бір тайпа басшысымен сөйлесіп отырған жоқ, Түркия республикасы Бас министріне қалай үн қатуы керек екенін үйренуі керек» деді. Қысқа уақыттан кейін Перездің Ердоганға телефон соғып, кешірім сұрағаны білдірілді. Ердоган: «Жиналыс басқарушысына қарсы наразылығымды көрсеттім» Бас министр Ердоган Газа тақырыпты жиналыстан шығып кеткеннен кейін Форум төрағасы Клаус Швабпен кездесті және ортақ баспасөз мәслихатын ұйымдастырды. Шваб жиналыстың осылай аяқталғанына қиналғанын білдірді, «Бас министр Ердоганға Орташығыста бейбітшілік үшін ойнаған роліне орай қайта қайта алғыс айтамын. Жиналыста алғашқы турдағы баяндамалар көпке созылды, Ердоган да мағыналы жауап берді» деді. Бас министр Ердоган болса нарызылығының обьективтік түрде ұстаным көрсетуі керек жиналыс басқарушысына екенін атап көрсетті. Ердоган былай деді: « Баяндамамда бейбітшілік үндеуін алдыңғы жоспарға шығардым. Не Израиль халқын, не болмаса елбасы Перезді не болмаса иудей халқын нысанаға алған жоқпын. Керісінше, бүгінгі түскі жиналыста да, кешкі жиналыста да анти семитизмнің адамдық қылмыс екенін қайталап айтып жүрген бір бас министр екенімді еске салдым. Халықаралық жиналыстың қағидаларына қарағанда, бейтарап ұстаным көрсетуі керек басқарушы да баяндамашыларға жауап хақын берместен, жиналысты аяқтағысы келді. Араға кіріп, айтатынымды айтатын кезде де көзқарастарымды білдіруге мүмкіндік бермеді. Мен жиналыстың басқарушысына наразылық көрсеттім. Аяқталуға жақындаған жиналыстан да шығып кеттім. Арап Одағы бас хатшысынан Ердоганға қолдау БҰҰ бас хатшысы мен Арап Одағы бас хатшысы болса Бас министр Ердоганға қолдау көрсетті. Амр Муса «Ердоган мырзаның жиналыстан шығып кетуі дұрыс әрі түсінікті жағдай» деді. Перез Ердоганнан кешірім сұрады. Осы мәлімдемелерден кейін Бас министрлік мағлұматтарына қарағанда, Израиль елбасы Шимон Перез Ердоганға телефон соғып, кешірім сұрады. http://www.trt.gov.tr
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.