[30.01.2009.] Түркия мен Израиль саясаткерлері арасындағы жанжал
19:01
Түркия мен Израиль саясаткерлері арасындағы жанжал
Түркия премьер-министрі Реджеп Тайып Эрдоган Давостағы Бүкіләлемдік экономикалық форум өтіп жатқан ғимраттан ызалы күйде шығып кеткен. Бұл оқиғаға Түркия үкімет басшысы мен Израиль президенті арасындағы дау-жанжал себеп болды. Екі саясаткер таяуда Газа аймағында болған соғыс әрекеттері жөніндегі пікірталас барысында сөз таластырып қалған. «Сіз Газа халқын жоюды көздеп отырсыз»,-деді Эрдоган.
Бұл сөзге шамданған Шимон Перес: «көршілес аймақтан атылған зымырандар Стамбулға зиян келтірер болса, Сіз де дәл осындай әрекетке көшер едіңіз»,-деген жауап қатты. Эрдоган пікірталас өткізуші модераторға сөзін бөліп, сөйлеуге мұрсат бермегені үшін нарызылығын білдіріп, Давостағы келісі форумға қатысатындығы екіталай екендігін білдірді. Модератор Израильдің әрекетін ақтауға бағытталған Шимон Переске жауап қайтармақ болған Эрдоганның сөзін бөліп, пікірталас уақытының аяқталғандығын жариялаған болатын.
Осынау жайсыз оқиғадан кейін, Израиль президенті Шимон Перес Түркия үкімет басшысымен телефон арқылы хабарласып, келеңсіздік үшін кешірім сұрағаны белгілі. Бұл жайында дипломатиялық ақпарат көздеріне сілтеме жасаған Анатолия агенттігі хабарлайды. Түркия - Израильмен қарым-қатынасын үзбей отырған мұсылман елі болып отыр. Алайда 2002 жылы Әділеттілік және Даму Партиясы сайлауда жеңіске жеткеннен бері екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа сызат түскен. www.khabar.kz
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.