[30.01.2009.] Таийп Эрдоганды Түркия халқы қошеметпен қарсы алды
20:30
Дүниежүзілік форумда Түркия премьер-министрі Израиль президентімен сөзге келіп қалды
Жиын негізінен экономикалық мәселелерді қамтығанымен, көптің жанын түршіктірген Таяу Шығыстағы қантөгіс кей саясаткерлерді бей-жай қалдырмағаны анық. Осыған байланысты жиынның ресми басқосуларының бірінде Израиль президенті Шимон Перес «біз ХАМАСқа қарсы ұйымдастырылған бұл әскери операцияны жүргізуге мәжбүр болдық, себебі біздің елге сол аймақтан ракеталар ұшып жатты. Біз мұны жауапсыз қалдыра алмадық» деген мәлімдеме жасады. Израиль басшылығының іс-әрекеттерін түсінбей әбден ашынған Түркия премьер-министрі Тайип Реджеп Эрдоган өз ойын ашық білдіріп, ресми жиын өтіп жатқан жерде орнынан тұрып, залдан шығып кетті.
Реджеп Тайип Эрдоган, Түркия премьер-министрі Талай адамды қырдыңдар, олардың арасында жазықсыз балалар да, әйелдер де бар. Палестина аумағына танктер кірген уақытта сіздердің премьер-министрлеріңіз «мен өзімді бақытты сезінемін» деп мәлімдеме жасағаны есімнен кетпейді. Бұл қынжылтатын жайт. Бұл әрекеттер дүрыс емес, адамгершілікке жатпайды. Менің айтайын дегенім көп, менің сөзімді бөліп жатырсыздар, президент 25 минут сөйледі, маған сол уақыттың жартысы да берілмей жатыр. Мен үшін Давос форумы осымен аяқталды.!!!! Осыдан кейін бірден еліне қайтып кеткен Таийп Эрдоганды Түркия халқы қошеметпен қарсы алды. Осыған орай Стамбұлдағы Ататүрк әуежайына 5 мыңға жуық адам жиналды. Олар Түркия мен Палестинаның жалауын қолдарына ұстап, Тайип Реджеп Эрдоганды Давос жеңімпазы деп атап жатыр. Ақпарат көзі...
Аллаһ Тағала билігіңе береке берсін, әруақытта туралықта ұстасын, қиналғанда қасыңнан табылсын. Бұл тілектер сен үшін өте маңызды деп ойлаймын, Ердоган мырза!.
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.