[31.01.2009.] Дүбірге толы Давос - 31 Января 2009 - Бала-Бүргемге қош келдіңіз
Сенбі, 11.Ақпан.2012, 22:33
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
•  ОБЛЫСТАҒЫ БАСТЫ МӘСЕЛЕ - ДІН МАМАНДАРЫНЫҢ ТАПШЫЛЫҒЫ
•  Құрбан айт намазы
сауалнама
"АСЫЛ АРНА" телеарнасын қайдан көресіз?
Жауап берілді: 571
 

Негізгі бет » 2009 » Қаңтар » 31 » [31.01.2009.] Дүбірге толы Давос


[31.01.2009.] Дүбірге толы Давос
13:05
nullКЕШЕГІ КЕЗДЕСУЛЕР 
Швейцарияның Давос қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік экономикалық форум өз жұмысын жалғастыруда. Қазіргі әлемдік экономикада қалыптасып тұрған жағдайға байланысты биылғы форум бұрынғыларға қарағанда анағұрлым тартысты да сергек өтіп жатқан сыңайлы. 40 жылға таяу тарихы бар форумға тап биылғыдай бұрын-соңды әлем халқы назар аудармаған болар.
ПЕРЕС ЕРДОҒАННАН КЕШІРІМ СҰРАДЫ null
Форумның соншалықты тартысты өтіп жатқанының тағы бір айғағы Түркия премьер-министрі Реджеп Ердоған мен Израиль президенті Шимон Перестің арасындағы дау-дамай. Қызу да эмоциялық әңгіме қазір бүкіл форумға қатысушылардың ғана емес, тіпті әлемдік БАҚ-тың басты тақырыбына айналып тұр. Әңгіме арқауы таяуда ғана әлем назарын өзіне аударып, қанша адамның мерт болуымен аяқталған Газа секторындағы оқиға еді. Қақтығыстағы өз елінің ұстанымын қорғап Израиль президенті 25 минут баяндама жасайды. Баяндамадан кейін Түркия премьер-министрі Реджеп Ердоған өз ойын білдірмек болады. Түрік премьері салған жерден әңгімені жұртты елең еткізіп бастайды: «Осы бір баяндамаға жиналған қауымның қол соққанын өте күйінетін факті деп санаймын, ол соғыста көп адам қаза тапты...». Осы сәтте әңгімені ушықтырмауды ойлады ма, әлде шынында да, уақыт шектеулі болды ма, сессия төрағасы «жарыссөзге уақыт жоқ» деп Ердоғанды тоқтатып тастайды. Жаратылысынан сабырлы да салмақты Ердоған «Президент Перес, сіз менен үлкенсіз және даусыңыз да зор. Мен сіздің өзіңізді кінәлідей көретініңізді сеземін, сондықтан да даусыңызды көтеріп сөйлеп тұрсыз. Сіздер адам өлтіріп жатырсыздар! Мен жағажайда балалардың өліп жатқанын кадрлар арқылы көрдім. Менің сөзім осымен бітті. Осы жағдайдан кейін Давосқа келмейтін болармын» деп шорт кесті. 
Салмақты әңгіме жүріп жатқанда аяқ астынан мынадай оқиғаның орын алғаны журналистер қауымына жақсы тақырып болды. Түрік премьерін маңайындағылар тоқтатпақ болған. Бірақ ол қайырылмады. 
null
Есесіне Реджеп Ердоғанды Түркия әуежайында мыңдаған адам Түркия мен Палестина жалауымен күтіп алды. 
Кеше Израиль президенті Шимон Перес түрік премьер-министрі Реджеп Ердоғаннан кешірім сұрады. Ердоғанның айтуынша, Перес телефон шалып, «Мен өткен оқиға үшін қатты өкінемін, тіпті достар арасында да кейде кикілжіңдер болып тұрады ғой. Мен әрқашанда Түркия мен елдің премьер-министрі – сізге үлкен құрметпен қараймын. Мен өзімді Түркия мен премьер Ердоғанның досы ретінде санаймын» деген. «Ер шекіспей бекіспейді» деген осы да. Ақпарат көзі....
Категориясы: Әлем жаңалықтары | Көрілді: 1244 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 5.0/1 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 2
10.Тамыз.2010
2. Adil (adilbey)
adamdardi shybynsha qyryp esh shimirikpei otyrganyn qarash qudaidan qaitqyr peres

[пікірдің сілтемесі]
10.Тамыз.2010
1. Adil (adilbey)
ai Alla!Erdogandai adamdi Alla qoldasin! Shyndyqty aitqan jalgyz memleket basshysy! arb

[пікірдің сілтемесі]

Есімі*:
Email-ы:
WWW:
Сақтық коды *:


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2010 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Қаңтар 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: nakhan, bola80

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: bola80

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3563
Осы ай ішінде: 22
Осы апта ішінде: 6
Кеше: 1
Бүгін: 1