Мәскеудегі жами мешітті жармақшы болған экстремистер ұсталды
Жұма күні құқық құрғау органдарының хабарлауынша, осы аптады Мәскеуде Поклонная горада орналасқан орталық мешітті жармақшы болған экстремистік топ қолға түсті. Бұдан бұрын біздің сайт хабарлағандай аталмыш «старославянский» тобы Мак-Доналдс және шіркеу ғимаратын жарумен атағы шыққан болатын. Экстремистер іске асырмақшы болған жарылыстары арқылы қоғамда резонанс пайда болуынан үміт еткен екен. Осы себепті орталық мешітте жарылыс ұйымдастырмақшы болған дейді, орталық мешіттің имам хатибы Шамиль Аляутдинов. Арам ойларын іске асыру үшін Минская көшесінде орналасқан мешіткеде келген екен. Дегенмен құқық қорғау огандары жаралыстың алдын алып, қылмыскелерді құрықтады. Ақпарат көзі.
осы кино түсіргіштер мұсылмандарды құбыжық, террорист қылуға ұста ғой әйтеуір. неге мына славиян терроистерді тақырып ретінде алып кино түсірмейді екен. білсін әлем славяндардың да мешіт, шіркеу қала берді супермаркеттердің ғимараттарын жармақшы болғандығын білмей қала береді. ал бір мұсылман біліп білмей істеген жаман әрекеті көзге түсіп қалса әлем "міне қараңдар" деп жар салады. Қайдасыңдар мұсылмандар!!!!
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.