[31.01.2009.] Махмұд Аббас және Ливан Мәжіліс төрағасы Ердоғанды құттықтады
22:38
Палестина Елбасы Махмұд Аббас Бас министр Режеп Тайып Ердоғанның Давостағы тұғырын құптағанын айтты.
Бас министр Ердоғанға кеше телефон соққан Махмұд Аббас Ердоғанның тұғырын Ислам әлемінің әр тарапы құптағанын атап өтті. Бас министр Ердоғанға рақмет айта отырып «Біздің тұғырымыз күштілерді емес, бейуаздарды және әділетті жақтау. Сонымен қатар мемлекеттің абыройын қорғау болып табылады» деді. Перестің баяндамасында кейбір араб лидерлерінің Газа шабуылында Израильді жақтағанын айтуына байланысты Аббас «Бұл бір жала. Мұндай бір нәрсе жоқ. Біздің арамызға іріткі салу үшін айтылған сөз» деді. Газаға жасалған шабуылдарды Палестинаға жасалған деп қарағанын білдірген Аббас бұл «соғыс қылмысы» деді және халықаралық сотқа шағым айту үшін қажетті жұмыстарды істейтінін білдірді. Ердоғанға «Сізді өте жақсы түсіндім» деген Аббас Ұлттық Кеңес Үкіметінің құрылуы үшін жұмыстарын тіпті де тездететінін және қолынан келген тырысшаңдықтарды көрсететінін баяндады. Палестина Елбасы Махмұд Аббас 7 ақпанда Анкараға келеді.
Ливан Мәжіліс төрағасы Небих Берри Бас министр Режеп Тайып Ердоғанның Давостағы тұғырына риза болғанын білдірді. Берри Ердоғанға жіберген хатында «Бұл әлемдегі еркіндік аңсаған адамдардың құрметіне ие болдыңыз» деді. Ессафир газетінде орын алған бір мақалада «Тағы да Ердоған Түрік-Израиль қарым-қатынастары тарихындағы ең үлкен бомбаны атып, адамгершілігінің көптеген араб лидерлерінен тіпті де күшті болғанын дәлелдеді» деген сөйлем қолданылды. Мақалада Араб Одағы Бас хатшысы Амр Мұсаның тұғырының «таң қалдырғанын» және бұл тұғырдың «әлсіздік бейнесі» болғаны да атап өтілді. Автор «Ердоған сияқты шығып кетудің орнына, бүкіл арабтарға рәсми өкілдік еткен Мұса, Түркия Бас министрінің қолын ұстаған соң қайта орнына отырды» деген сөйлем қолданды. www.trt.gov.tr
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.