[01.02.2009.] Діни секталардың арбауына түспеу үшін не істеу керек? - 1 Февраля 2009 - Дінисламға қош келдіңіз
Сейсенбі, 22.Мамыр.2012, 21:29
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  Намаз адамды жалықтыра ма?
•  Ұлықбек Алиакбарұлы: "Жаңа заманға сай жаңа медианы меңгерген имам керек"
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
сауалнама
Намаз оқуыңа не кедергі?
Жауап берілді: 982
 

Негізгі бет » 2009 » Ақпан » 1 » [01.02.2009.] Діни секталардың арбауына түспеу үшін не істеу керек?


[01.02.2009.] Діни секталардың арбауына түспеу үшін не істеу керек?
22:03
nullДіни секталардың арбауына түспеу үшін не істеу керек?
Басқа елдерден келген діни конфессиялардың Қазақстанға үгіт-насихат жұмыстарын жасаудағы мақсаты не? Қазақстандағы ұлттарға қажеті бар ма? Олардың іс-әрекеттері мемлекеттің заңдарына қайшы емес пе? Жастардың болашағына, мемлекеттің қауіпсіздігіне, саяси тұрақтылығына нұқсан келтірмей ме?
Міне, осындай сұрақтар кез-келген азаматтың, елдің қамын, болашағын, мемлекеттің тұтастығын, ынтымақтастығын ойлаған саналы тұлғаның ой толғандыратын мәселесі. Кез-келген партиясының, саяси ұйымның, діни ұйымдар мен бірлестіктердің, конфессиялардың белгілі бір мүддесі болады. Шартты түрде діни секталардың іс-әрекеттерін екі түрге бөлуге болады: 1. Санаға шабуыл жасауды мақсат ететін діни секталар; 2. Белгілі бір мүдде үшін әрекет ететін діни секталар. Діни ұйымдардың үгіт насихаттар жасап, жастарды өз арбауына, шырмауына түсіріп, санасын улауы, отбасының бұзылуына әкеп соқтырады. Бұл халықты араздастыру мен арандату болмағанда не? Екіншіден, кейбір діни секталар мемлекеттің тұтастығы мен тұрақтылығына нұқсан келтіреді. Мысалы XX ғасырдың соңында пайда болған Ахмеди жамағаты мұсылмандарды тұтастай мұсылмандар емес, олар кәпірлер деп қарайды. Ал олардың іс-әрекеттерін кейбір газет-журналдар немесе бұқаралық ақпарат құралдары исламмен тікелей байланыстырады. Ал шын мәнінде Ахмеди жамағатының іс-әрекеттері исламмен үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Міне, олардың іс- әрекеттері нағыз ұлт араздығын тудыру, халықтардың берекесін кетіру болып табылады. Немесе, XX ғасырдың ортасында Палестинада пайда болған Хизб-ут-Тахрир (бостандық партиясы) партиясының өзін діни, саяси партия атап, ислам халифалығын құру идеясын үгіттеп, қарсыластарды дұшпан, кәріп деп атап, өзін жанкешті құрбан етуді жихад санауы да исламның принциптеріне қайшы әрекет. Себебі, ислам догматикасында дінде зорлық жоқ деп қарастырады. Ал, өзін-өзі өлтіру үлкен күнә (айып іс) деп есептеледі. Осы үндеулер халықтардың берекесін кетіріп, қоғамда діни араздықты тудырып, ұлттардың ар-намысын қорлайтын белгілерді көруге болады. Біз тілімізді, дінімізді, салт-дәстүрімізді мәнгі ұмытпауға, оны әрдайым есте сақтауға міндеттіміз. Басқа діни секталардың арбауына түсіп өз дінін, өз отанын сату деген сөз. Себебі, дін біздің рухани болмысымыз, бүгінгіміз бен ертеңіміз және болашағымыз. Біз түрімізбен қазақ емес, керісінше тілімізбен және салт- дәстүрімізбен қазақпыз. Діни секталардың арбауына түсіп қалмау үшін не істеу керек деген сұрақ туындайды. Діни секталардың арбауымен алдауынан сақтану шаралары халықтардың ынтымақтастығы, ауызбіршілігі, мемлекеттік ішкі қауыпсіздігімен тұрақтылығы үшін жасалады. Бұл бір ғана адамның немесе мемлекеттің жасайтын ісі емес. Діни секталардың арбауы мен шырмауына түсіп қалмас үшін оның алдын алу қажет; Діни секталарды тіркеуге алу ҚР Әділет министірлігі, Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы, бұқаралық ақпарат құралдары, құқық қорғау органдары, жергілікті әкімдіктар, жоғары оқу орындары, мектеп, ата-аналар діни секталрдың арбауына түспес үшін мынадай шаралар жүргізуі қажет. - біріншіден- Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы діни секталарға қарсы мешіттерде халыққа ақ пен қараны ажыратып, діни секталардың шынайы бет-пердесін ашып беруі, діни басқармада және әрбір облыс мешіттерінде діни танымдық газет-журналдар ашуы, жастардың діни сауатын ашу үшін 1-2-3-айлық курстарын ұймдастыруы; - екіншіден- бұқаралық ақпарат құралдары діни секталардың заңсыз және жағымсыз іс-әрекеттерін халыққа дер кезінде және шынайы түрде баяндап отыруы, беделді дін танушы ғалымдарының діни мәселелер, имандылық тақырыптарындағы бағдарламаларын ұйымдастыруы қажет. - үшіншіден- әрбір жоғары оқу орындарында университет, ұжым болып діни секталардың ланкестік іс-әрекеттеріне қарсы, семинарлар, лециялар ұйымдастыруы; Төртіншіден- мектептерде мектеп ұжымы, сынып жетекшілері де жас буынға дін негіздері, имандылық, әдеп сабақтарын жүргізуі. Бесіншіден- әрбір ата-ана баласын күнделікті қадағалап, тәртібіне, сабағына, жүрген ортасына, немен айналысып жүргеніне мән беруі, имандылық пен инабаттылықты жастайынан бойына сіңіру қажет. Қазіргі таңда басқа діни секталарға өтіп кеткен жастар көп. Айталық Иегова куәгерлері, баптист, Ахмеди жамағаты, Хизб-ут-Тахрир партиясы сияқты ағымдарды айтуға болады. Мұны жастардың діни сауатының төмендігінен, фундаментальді білімнің жоқтығынан, ой- өрісінің тарлығынан деуге болады. Сол секталарға өтіп кеткен жастарды ауыл болса ауыл ақсақалдарын, қала болса дінтанушы ғалымдарды, мешіт имамдарын шақырып, олармен сұбаттасып, нақтылы дәйектермен дәлелдеп, алған бетінен қайтуды өз санасымен мойындап қабылдауы керек. Ақтөбе облысы Әділет департаментінің дни істер жөніндегі бөлімі.
Ақтөбе облысы Әділет департаменті сайты.
Категориясы: Өзекті мәселе.... | Көрілді: 2359 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 1
02.Ақпан.2009
1. Мөлдір Ерғалиқызы (YergaliMoldir)
Осы айтылғандардың қағаз ғана емес, іс жүзінде де жүзеге асырылуын тілеймін
arb

[пікірдің сілтемесі]


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2012 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Ақпан 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: erbolatik_7, zh_th

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: xatab

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3620
Осы ай ішінде: 12
Осы апта ішінде: 4
Кеше: 1
Бүгін: 0