Гуантанамо түрмесінде соңғы сот процесі тоқтатылды
Американың әскери трибуналы, сотталушыға таққан айыптың барлығын алып тастады. Бұл жерде әңгіме Абд-әл-Рахим ән-Нашири жөнінде болып отыр. Ол - Сауд Арабиясының азаматы. ән-Нашири 2000-жылы Йеменде америкалық кемені жарды деген күдікпен қамауға алынған. Ал, Пентагон оны тіпті өлім жазасына кеспек болды. Адам құқығын қорғау ұйымдары Джордж Буш үкіметінен бұл базаны жабуды талап еткен. Дегенмен, ол мақсат Барак Обама билікке келген соң жүзеге аса бастады. Обама қызметке кіріскен күні Гуантанамодағы процестерді доғару туралы, директиваға қол қойды. Ал, түрменің өзі биылғы жылдың соңына дейін жабылуы ықтимал.
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.