[14.02.2009.] Бізге соншалық таңсық болған әулие Валентин біреудің несі болғаны??? - 14 Февраля 2009 - Дінисламға қош келдіңіз
Сейсенбі, 22.Мамыр.2012, 21:36
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  Намаз адамды жалықтыра ма?
•  Ұлықбек Алиакбарұлы: "Жаңа заманға сай жаңа медианы меңгерген имам керек"
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
сауалнама
Имамдар жұмыстарын қаншалықты жақсы атқарады?
Жауап берілді: 800
 

Негізгі бет » 2009 » Ақпан » 14 » [14.02.2009.] Бізге соншалық таңсық болған әулие Валентин біреудің несі болғаны???


[14.02.2009.] Бізге соншалық таңсық болған әулие Валентин біреудің несі болғаны???
01:24
nullБізге соншалық таңсық болған әулие Валентин біреудің несі болғаны???
Еліктегіш қоғамды, қызыққыш қазақты жан-жаққа пәршелеуге келгенде қандай құрал болсын қолданылып жатыр. Соның бірі Валентин күні. Бұл күні қонақүйлер мен мейманханалар лық толы болады. Арақ-шарапқа сұраныс 10 есе артады. Азғын суды сіміріп алған сормаңдай қыздар білегінен ұстағанның жетегінде кетеді. Елімізде жылына 200 мың аборт жасалады екен. Бұл ресми тіркелгені. Олардың көбі –бір күндік жалған махабаттың құрбаны еместігіне кім кепіл.... Міне, діни ғұрыптарға билік тарапынан бақылау болмауы және ондай бақылау қоюдың халықаралық талаптарға жат екендігі бізді осы халге жеткізді. Ождан саласындағы оқыс күнді ескеру мен ескермеу әркімнің еркіне тасталған екен, оның қызығын уағызшылар мен олардың қолындағы ақпарат құралдары еркін пайдаланды. Жерден жеті қоян табардай, сол күні берілген хаттарға сыйлық жариялаған басылымдар да шықты.... Сонымен, бізге керексіз күн неге атап өтіледі. 
nullМахаббат тілі-тілсіз тіл. Көзбен көрде, ішпен сез... Бүгінгінің жасы үшін бұл жолдар- тек әдемі сөз ғана. Ештеңеден хабар бермейді. Аласапыран дәуірдің дүбірімен сұлу сезімнің шерлі сыры да ашылып қалғандай. Сылаң кербез күлімдемейді, ержігіт еркелемейді, ымырттағы көңілдің күйін табудың да қажеті жоқ. Қызға-қырық үйден, ұлға-отыз үйден тию салған ұлы халықтың ұрпағы осы. Ашық-шашық, махаббат ойынын ойнайды. 16-17-іне енді ғана жеткен балалар екеніне кім сенеді. 
Бұл Астанадағы Жастар сарайы. Валентин күніне арнайы ұйымдастырылған шара. Ата тойына бұлай дайындалмас, ғашықтар мерекесіне ұйымдастырушылар аяғынан тік тұрыпты. Сондағы мақсаттары...
Құралай Басыбекова, «Жастар» сарайының шығармашылық-ұйымдастыру бөлімінің бастығы
Мақсатымыз-жастарымыз өте көп, дегенмен, сіңіп қалған день святого валентина дейді ғой, біз соны ғашықтар күні деп жастар бір-бірімен танысып, ниеттерін білісіп, осындай шоу бағдарлама болсын дедік.
Бала тәрбиесіне тікелей жауапты маманның айтары осы. Жастар сарайы мұндай шараны 4-5 жыл қатарынан өткізіп келеді. Сондағы істейтіндері- жұптасу ойынын өткізеді. Ойында жеңген екі жас қымбат мейманханалардың біріне барады. Оның бәрі келісілген. 
Құралай Басыбекова, «Жастар» сарайының шығармашылық-ұйымдастыру бөлімінің бастығы
Қазақтың тәрбиесі бөлек қой. Кішкене болса да, жастар бірдеме алатын сияқты осындай кештен.
Мұндай шоу бағдарлама тегін емес. Билет құны 500 теңге. Осы кештің өзінде сарай 400 билет сатыпты. Жиналған жас-кілең техникалық колледж студенттері мен жоғарғы сынып оқушылары. 
Мөлдір
Бұл мерекені асыға күтеміз, себебі, бұл күні басқа жостарымызбен танысамыз, сол үшін асыға күтеміз.
Мына бойжеткен көппен бірге ойнаққа келгендердің бірі. Жат жұрттың Валентинін қасиетті санайды да, өзінің дәстүрінен бейхабар. Тіпті, алтыбақан туралы естіп көрмеген. Ең өкініштісі, бұл топта Мөлдір жалғыз емес. 
Жадыра
Қозы Көрпеш күні болғанымен, валентин күні сияқты тойланбайды. Ұйымшылдық жоқ.
Ойрат пен Жадыра осы күні некелерін қиды. Астана қалалық Алматы ауданынан осындай ұсыныс келгенде қуана-қуана қабылдады. Валентин әкімшілікке де жетіпті. Ғашықтар күнінде аудандық әкімшілік шал-кемпірлердің басын қосып, арнайы құттықтады. Орыс қызы- Мариямның қазақ жігіті Дударға айтқаны да осы кештің сәні. 
Түсіп Рысбеков, Астана қалалық Алматы ауданы әкімінің орынбасары Валентин деген шіркеу қызметшісі сезімін білдіре алмайды, сосын қызға жүрек іспеттес хаттарын жолдайды.
Валентин-даңғаза ұранға айналды. Бұл күннің тарихын біліп жатқан адам аз. Ділдей билек басында отырған азаматтың айтқаны. 
Түсіп Рысбеков, Астана қалалық Алматы ауданы әкімінің орынбасары Қалыптасып қалды 10 жылдай болды. Сана-сезімнен шығару қиындау болар. Ешқандай зияны болмаса, неге тойламасқа?
Неге тойламасқа деген сұрақты өзіңе төтесінен қойғанда денең шымырлайды. Және те, бұл сауалды жасы та, жасамысы да қояды. Валентин деген дүлдәмал адамның рухы қазақ даласын жайлап алған ба дейсің еріксіз?! Мектеп қабырғасындағы жағдайды айтпағанда, Валентин атты махаббат күнін бала бақшада атап өтіп жатыр. Бесіктен белі шықпаған бүлдіршіндер бір-біріне жүрек іспетті открытқа силайды. Осының бәрін ұйымдастырып беріп отырған олардың ата-аналары. 
Қазақтың дархан даласы қандай кең болса, оның махаббаты да сондай шексіз. Тек ұлттық тәрбие, қазақи болмыс оны жарнамалауға кереғар. Ләйлі-Мәжнүннен, Еңлік-Кебек, Қозы мен Баян, Төлеген мен Жібектің махаббаты соған дәлел. Сезім- екі адамды жақындастырып, бағындыратын ұлы күш. Бөтеннің бөгде көзінен қорқатын күш. 
Шерхан Мұртаза, халық жазушысы
Валентин деген, о баста мақсаты басқа. Өзгертіп жіберген. Сүйісе беру емес, көрінген жерде. Махаббатты қорлаудың бір түрі бұл.
Сейіт Кенжахметов, жазушы-этнограф
Қазіргі адамдар ескермей, қайдағы бір Валентин, орыстың ана күні, мына күні деп, солардың дәстүрін насихаттап жүр. Өзіміздің дәстүрімізді неге насихаттамайды. Себебі, кейінгі ұрпақ ұлттық уызынан ада өсті.
Уызға жарамағандардың ісі де. Жаттың жырымына жүгіріп, өзінікін өгейсіген. Әйтпесе, тұрған жоқпа салтың да, дәстүрің де.
Сейіт Кенжахметов, жазушы-этнограф
Ұйқы ашар деген дәстүр бар. Түнде ойын-сауықта қыздар тамақ пісіреді. Оны сүйетін жігітіне апарып береді. Селт еткізер деген дәстүр бар. Наурызда, үлкен тойда жігіттер ұнатқан қызына айна, тарақ, білезік силайды.

Қыз ойнақ, қыз көру, алтыбақан, бастаңғы- тізе берсе, жетеді. Тек керек қылған адам бар ма? Осыдан екі жылдай бұрын ақпарат құралдары Болат Карентаев пен Айнұр Сүлейменованың мезгілсіз өшкен махаббаты туралы хабарлады. Ұлыбританияда оқып, танысып, табысқан екі жас сезімдерін заңдастырмақ ниетте елге қайтып келе жатады. Тек ажал араға түсті. Ұшақ әуеде апатқа ұшырады. Еліктей елжіреген жастардың сезімі мына тас мүсінге жасырынды. Сол оқиғадан кейін Тараз қаласының жастары Валентин күнін құртпақ болып, бір ұсыныспен шықты. 

Жанат Төлендиев, журналист-ақын
Сәуірдің 15-і, табиғаттың түлеп, гүлденіп келе жатқан күні-Махаббат күні ретінде атап өту. Ол бір ғана Қозы мен Баянның, Төлеген мен Жібектің емес, жалпы қазақ жастарының махаббат күні болсын деген.

Жабулы қазан-жабуымен қалды. Қаңғыған Валентин күре тамырға кернеп кіріп барады. Біз бұны ой тастау үшін көрсеттік. Үлкеннің даналығына, кішінің естиярлығына салдық. Валентин күні туралы сөз қозғағанда айта кететін бір жайт бар. Тарихта католик шіркеуі қызметшісінің атымен аталып кеткен бұл күнді қазір дәл сол шіркеу мойындамайды. Мойындамақ түгіл, дінсіздердің мерккесі дейді. Сонда, бізге соншалық таңсық болған Валентин біреудің несі болғаны??? "Қ
азақстан РТРК"
Категориясы: Өзекті мәселе.... | Көрілді: 2593 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 5.0/1 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 4
17.Ақпан.2012
4. Гулнур
Валентина деген елине карсы шыккан айел. Казак халкы мундайды толамайды. Биздин оз мерекемиз бар емес пе.Ол Козы--корпеш Баян-сулу. бул мереке 16 сауирде.

[пікірдің сілтемесі]
17.Ақпан.2009
3. BEREKET (HAMZA)
Валентин күні емес - БАЛЕнтин күні ғой :(

[пікірдің сілтемесі]
16.Ақпан.2009
2. Африканец (Serrega)
Хотел сказать что то умное, но как всегда не получилось
так что просто спасибо!

[пікірдің сілтемесі]
15.Ақпан.2009
1. Olzhas (Olzhas)
Субхана АЛЛАХ! Тағы бір джахийлский той, қашан бұдан арылатың екенбіз.

[пікірдің сілтемесі]


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2012 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Ақпан 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: erbolatik_7, zh_th

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: xatab

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3620
Осы ай ішінде: 12
Осы апта ішінде: 4
Кеше: 1
Бүгін: 0