Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен аудан әкімдігінің қызметкерлері, аудан және ауыл имамдары, ауыл билерінің қатысуында «Діннің қоғамдағы алатын орны» тақырыбында семинар кеңес өткізілді. Семинар кеңесте басқарма бастығы Б.Алипбек тақырыпқа қосымша «Хизб-ут Тахрир» ұйымы жайлы, оның ислам атын жамылып, бейбіт өмір тыныштығын бұзуы, олардың мақсаттары халифат құру, яғни мемлекетті, үкіметті мойындамай, саяси төңкерістер жасау екендігі жайлы айтып өтті. Ұйымдастырылған іс-шараға қатысушылар бірауыздан жергілікті тұрғындар арасында құқық қорғау және мемлекеттік органдар қызметкерлерімен дінтанушы мамандардың тартылуы арқылы дәстүрлі діндерді дәріптеп, теріс пиғылдағы діни ағымдардың іс-әрекеттерін әшкерелейтін кездесулерді жиі өткізу керектігін айтып, қозғалған тақырыпты қызу талқылап, өз пікірлерімен алмасты.
Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің баспасөз қызметі
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.