[19.02.2009.] Бушқа аяқ киім лақтырған тілшінің үстінен сот ісі басталды - 19 Февраля 2009 - Дінисламға қош келдіңіз
Сейсенбі, 22.Мамыр.2012, 21:39
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  Намаз адамды жалықтыра ма?
•  Ұлықбек Алиакбарұлы: "Жаңа заманға сай жаңа медианы меңгерген имам керек"
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
сауалнама
Қай облыстан боласыз?
Жауап берілді: 2173
 

Негізгі бет » 2009 » Ақпан » 19 » [19.02.2009.] Бушқа аяқ киім лақтырған тілшінің үстінен сот ісі басталды


[19.02.2009.] Бушқа аяқ киім лақтырған тілшінің үстінен сот ісі басталды
04:45
nullБушқа аяқ киім лақтырған тілшінің үстінен сот ісі басталды
Ирактың орталық қылмыстық соты жергілікті «әл-Багдадия» тәуелсіз телеарнасының тілшісі Мунтазер әз-Зейдидің ісін қарауды бастады. Тілші АҚШ президенті Джордж Буштың Бағдатқа сапары кезінде оған бәтеңке лақтырып, балағаттаған болатын. Мунтазер әз-Зейдиге шетелдік басшыға шабуыл жасады деген айып тағылып отыр. Сот үкімімен ол 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Журналистің қорғаушылары 2003 жылы Иракқа АҚШ әскерінің басып кіруін, бұның салдарынан айыпталушыны ашу-ыза кернегенін ескеру қажет дейді. Егер сот бұл уәжді ескерсе, жаза екі жылға қысқартылуы ықтимал. 2008 жылдың 14 желтоқсанында АҚШ-тың бұрынғы президенті Джордж Буштың Ирак премьер-министрі Нури әл-Маликимен өткен кездесуінде журналистердің бірі АҚШ президентіне аяқ киім лақтырған болатын. Ол сондай-ақ, «Бұл саған жесірлер мен жетімдер және Иракта қаза тапқандар үшін» деген еді. 30 жастағы ирак тілшісінің бұл әрекетін араб елдерінің көбі қолдап, оны қорғауға 100-ден астам адвокат тілек білдірген. Олардың арасында Саддам Хусейннің де қорғаушысы бар. Ал, қаңтар айының соңында Бушқа лақтырылған бәтеңкеге ескерткіш орнатылып, бірақ ол көп ұзамай алынып тасталды. Хабар агенттігі.

Категориясы: Әлем жаңалықтары | Көрілді: 1376 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2012 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Ақпан 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: erbolatik_7, zh_th

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: xatab

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3620
Осы ай ішінде: 12
Осы апта ішінде: 4
Кеше: 1
Бүгін: 0