[22.02.2009.] Секта сот шешімімен таратылатын болды - 22 Февраля 2009 - Дінисламға қош келдіңіз
Сейсенбі, 22.Мамыр.2012, 21:40
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  Намаз адамды жалықтыра ма?
•  Ұлықбек Алиакбарұлы: "Жаңа заманға сай жаңа медианы меңгерген имам керек"
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
сауалнама
Имамдар жұмыстарын қаншалықты жақсы атқарады?
Жауап берілді: 800
 

Негізгі бет » 2009 » Ақпан » 22 » [22.02.2009.] Секта сот шешімімен таратылатын болды


[22.02.2009.] Секта сот шешімімен таратылатын болды
04:09
nullҚарағанды қаласындағы саентология шіркеуі сот шешімімен таратылатын болды 
Жақында Қарағандының ауданаралық мамандандырылған экономикалық соты Қазыбек би ауданы прокурорының Қарағанды қаласындағы саентология шіркеуін жабу туралы арызын қанағаттандырды. Сот шешіміне саентологтар наразы, олар жоғары сот инстанциясына арызданамыз дейді.
Бұған жауап ретінде шіркеу өкілдері баспасөз-конференциясын шақырып, соттың мұндай шешімімен келіспейтіндіктерін айтты. Саентологтардың айтуынша, фемида қызметкерлері істі қарау барысында дінтанушылық сараптама жүргізбеген.

Қазыбек би ауданы прокурорының сотқа арыз түсіруіне Саеонтология шіркеуі мекемесінің адам психикасын және денсаулығын бұзуға бағытталған әрекеттерге барды деп табылуы себеп болған екен. 
Тергеу-тексеру нәтижесінде саентологтардың арнайы медициналық қызмет көрсетуге рұқсатсыз-ақ адам психикасын өзгертетін медициналық технологияларды қолданғандығы дәлелденді дейді айыптаушы тарап.
Тергеушілер сонымен қатар шіркеуге келушілер Саентологтарға қымбат бағалы сыйлықтар тарту етіп отыратын болған дейді. 
nullШіркеу өкілдері болса бұл олардың осы ағымға ризашылығын білдіргендігі деп түсіндірген. 
Айып тағушы жақ мұнымен қатар коммерциялық бағытта жұмыс істеген шіркеуді тіпті діни бағыттағы ұйым деуге келмейді дегенді алға тартқан. 
Ал Қарағандыдағы саентология шіркеуінің өкілдері арнайы дінтанушылық сараптама жүргізілген жоқ дегенді айтып, ауданаралық экономикалық сот шешімімен келіспей отыр. 
-Біз сот шешімін тек қана теріс емес, тіпті Конституция талаптарына сай келмейді деп санаймыз. Себебі біздің кінәміз дәлелденген жоқ. Сот бізді діни қауымдастық емес деп отыр.Мысалға алсақ бүкіл дүниежүзінің, соның ішінде Қазақстанның да дінтанушы ғалымдары саентологияны дін деп мойындап отыр,- дейді Қарағанды қаласындағы саентология шіркеуінің директоры Вадим Витушкин.
-Істің қаралуы барысында саентология шіркеуінің өкілдері өздері «ұлы» деп сипаттайтын Рональд Хаббардтың 35- ке тарта еңбегін алып келді. Олар сот процесіне қатысушылардың санасына осы еңбектер адамзат баласын тура жолға салатын дүниелер дегенді сіңіріп, дәлелдеуге тырысты,- деп атап көрсетті Азаттық радиосына берген сұхбатында. 
Бүкіл дүниежүзінің, соның ішінде Қазақстанның да дінтанушы ғалымдары саентологияны дін ретінде мойындап отыр деген Витушкиннің уәжіне қатысты біз әңгімеге тартқан дінтанушылар саентология шіркеуі директорының пікірмен келісе қоймады: 
-Саентологтардың бұндай ағымды ғалымдардың көбісі дін ретінде мойындады деп отыр дегені шындыққа жанаспайды. Батыстың да, өзіміздің де дінтанушыларымыз арасында саентология дін бе, жоқ па деген күмәндар мен пікірталастар әлі бар,- дейді философия ғылымдарының кандидаты, дінтанушы Есбосын Смағұлов.
Қарағандылық саентологтар енді ауданаралық мамандандырылған экономикалық соттың шешіміне қарсы жоғары сот инстанциясына шағым түсіруге бел байлап отыр. 
Суреттерде: Қарағанды қаласындағы саентология шіркеуінің директоры Вадим Витушкин. Қарағанды, 19 ақпан, 2009 жыл
Қарағанды облыстық прокуратурасының прокуроры Жанғазы Нақышев, Философия ғылымының кандидаты, дінтанушы ғалым Есбосын Смағұлов. Қарағанды, 19ақпан, 2009 жыл
Саят СЕРİК. Азаттық радиосы.
Категориясы: | Көрілді: 1218 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 2
06.Наурыз.2009
2. Марьян (Samik007)
Моя культурность подсказывает выразить благодарность
И я это с удовольствием делаю B)

[пікірдің сілтемесі]
04.Наурыз.2009
1. Сергей (fastfineger)
Сенкс!

[пікірдің сілтемесі]


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2012 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Ақпан 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: erbolatik_7, zh_th

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: xatab

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3620
Осы ай ішінде: 12
Осы апта ішінде: 4
Кеше: 1
Бүгін: 0