[Хикая] Асығыстық етпеңіз... - 27 Февраля 2009 - Дінисламға қош келдіңіз
Сейсенбі, 22.Мамыр.2012, 21:40
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  Намаз адамды жалықтыра ма?
•  Ұлықбек Алиакбарұлы: "Жаңа заманға сай жаңа медианы меңгерген имам керек"
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
сауалнама
Қанша уақыт намаз оқисыз?
Жауап берілді: 735
 

Негізгі бет » 2009 » Ақпан » 27 » [Хикая] Асығыстық етпеңіз...


[Хикая] Асығыстық етпеңіз...
11:18

Ертеде бір шаруа шал бопты. Осы бейшара шалдың жалғыз аты мен жалғыз баласынан басқа жақыны болмапты. Асыл тұқымды атын елдің патшасы талай сұрап, тіпті қазынасының жартысын беруді ұсынса да, шал бұған келіспепті. “Бұл жай ғана ат емес, бұл менің досым. Адам досын қалай сатады?” – депті шал ханға. Күндердің бір күні шал ұйқыдан тұрса, асыл тұқымды аты қорада жоқ.

“Ей, жынды шал, бұл атты саған қалдырмай алып кететіндері белгілі еді ғой. Өткенде патшаға сатқанда өміріңнің соңына дейін байлардай өмір сүрер едің. Қазір не атың, не ақшаң жоқ” – депті сонда ұрлықты тергеуге жиылған ауыл тұрғындары.
               Шал:

“Асығыстық етпеңіз” депті.

“Жай ғана ат ұрланды деңіз. Өйткені тек осы шындық. Ал қалғаны тек сендердің болжамдарың ғана. Атымның жоғалуы жолсыздық па, әлде алыстан келе жатқан жақсылықтың белгісі ме, мұны ешкім білмейді. Өйткені бұл оқиға келе жатқан үлкен жайттың басы ғана, соңы қалай болары әлі белгісіз” – деп қоя беріпті.

Шалдың бұл сөзіне ауыл жұрты бір жақсылап күліп алып, артынан мазақ қылып, үйлеріне тарапты.

Арадан 15 күн өтпей-ақ, шалдың аты бір түні күтпеген жерден шалдың қорасына оралыпты... Шындығында, аты ұрланбаған, қорадан тоғайға қашып кеткен екен. Қайтарда асыл тұқымды ат қасына жабайы 12 ат ертіп әкеліпті. Мұны байқаған ауыл жұрты шалдың шарбағына жиналып, шалдан кешірім сұрағандай болып:

“Әкетай” депті, “Сен дұрыс айттың. Атыңның жоғалуы жолсыздық емес, соңы қуаныш болды. Енді қазір бір үйір жылқың бар...”

“Сендер осы үнемі асығыстық етесіңдер” депті сонда шал. “Тек атымның кері оралғанын айтыңыз. Шындық осы ғана. Ал қалғаны қуаныш па, яки қайғы ма, оны ешкім білмейді. Бұл әлі басы. Сөйлемнің бірінші сөзін бітірер-бітірмес, кітап туралы қалайша пікір алысасыздар?” деп күңіреніпті.

Ауыл тұрғындары шалдың сөзін мазақ қылмаса да, іштерінен “Мына шалдың дені дұрыс емес шамасы” деп үйлеріне тарапты.

Бір апта өтпей жатып, жаңағы шалдың жалғыз ұлы жабайы аттарын бас білдіремін, оларды қолға үйретемін деп жүріп, аттан құлап, аяғын сындырып алып, шалды асырап отырған  жалғыз ұлы ұзақ уақыт төсек тартып жатып қалады. Бұл жайтты естіген ауыл жұрты шалға келіп “Ее, ата, тағы да дұрыс айттың” депті.

“Жаңадан келген аттың кесірінен, сені асырап отырған жалғыз ұлың кәріп боп қалды. Енді қазіргі жағдайыңнан да пақыр боп қалатын болдың” депті. Шал:

“Сендер асығыстық ауруына душар болыпсыңдар”

“Сонша қорытындылауға асығыстық ететіндіктерің несі? Ұлым аяғын сындырып алды. Шындық тек осы ғана. Ал қалғанын ойдан шығармаңдар. Өмір деген осылай үзік-үзік оқиғалардан тұрады және соңы қалай болары беймәлім” деп шал қоя беріпті.

Бірнеше аптадан соң осы елге бір жаудың қалың қолы аттаныпты. Осы жауға төтеп берер әскер жинап, ел патшасы мемлекеттің қылыш ұстауға қауқары бар барлық ер кісілерін шақыртыпты. Әскер жинауға келген хан уәзірлері, аяғы сынық шалдың баласынан басқа ауыл жұртының үлкен-кіші демей, барлық ер жігіттерін майданға әкетіпті. Бұл жайт ауыл тұрғындарына қара обадай тиіпті. Өйткені елге соққан жаудың саны тым көп болғандықтан, жеңіліс табатындары айдан анық. Баларының кері оралуынан үмітін үзген ауыл халқы шалға келіп:

“Тағы да сенікі дұрыс болды, шал” депті

“Ұлыңның аяғы сынық болса да жаны аман, өзіңнің қасыңда. Ал біздің ұлдарымыздың тірі оралуы екіталай. Ұлыңның аяғының сынуы бақытсыздық емес, басыңа түскен қуаныш екен, шал” депті жұрт.

“Сендер асығыстық етіп, ерте қорытындылауды жалғастыра беріңдер” депті қарт, “Шындығында, алдымызда не болары беймәлім. Біз білетін бір шындық бар: менің ұлым жанымда, сендердікі соғыста… Бірақ осы жайттың қайсысы бақытсыздық ал қайсысы қуаныш боларын тек Аллаһ біледі” депті сонда шал.

Translation Campaign <translation.campaign@gmail.com>

Категориясы: Уағыз-насихат бөлімі | Көрілді: 1505 | Ендірген: janbolat | Рейтингі: 5.0/4 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 1
28.Ақпан.2009
1. Muslim (ereke)
osindai kopshilikke oi salar gibratty hikaialar kobeie bersin! arb arb arb

[пікірдің сілтемесі]


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2012 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Ақпан 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: erbolatik_7, zh_th

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: xatab

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3620
Осы ай ішінде: 12
Осы апта ішінде: 4
Кеше: 1
Бүгін: 0